jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Амир, Амин, Айша: Ақтөбеде үшем дүниеге келді

    Ақтөбеде дүниеге келген үшем
    Ақтөбеде дүниеге келген үшем. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

    Ақтөбеде Расул мен Полина Саматовтардың отбасында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Әкімдіктің мәліметінше, сәбилер 30 мамырда Ақтөбе медициналық орталығында дүниеге келген. Оларға Амир, Амин және Айша есімдері берілген.

    Медициналық университет кафедрасының профессоры Светлана Шиканованың айтуынша, статистика бойынша ЭКО технологияларынсыз үшемнің дүниеге келуі сирек кездесетін жағдай.

    Десе де Полина Саматованың жүктілік пен босану кезеңі сәтті өткен. Сәбилердің жағдай қанағаттанарлық болған соң перзентханадан шығарылған.

    Енді Расул мен Полина Саматов бес баланың ата-анасы. Олардың үшемнен бөлек, бес жасар қызы мен үш жасар ұлы бар.

    Жалпы жыл басынан бері Ақтөбе облысында 5255 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 51-і егіздер, ал екеуі үшем.

    Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысы Шалқар аудандық перзентханасында 35 жастағы келіншек он екінші баласын дүниеге әкелгенін жазған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.