Алматылық дәрігерлер екі ай күресіп, 742 грамм салмақпен дүниеге келген сәбидің өмірін сақтап қалды
Жарияланған күні:
Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығының дәрігерлері 64 күн күресіп, 742 грамм салмақпен дүниеге келген сәбидің өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Алматы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Шала туған нәресте 2025 жылғы 30 тамызда жүктіліктің 26-аптасында дүниеге келген.
Туғаннан кейін оның жағдайы аса ауыр болған. Сәби 40 күн бойы сәби өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында, 24 күн назальды СИПАП-терапияда жатқан. Тек соңғы 10 күнде өздігінен дем ала бастаған.
Қазіргі уақытта ол тыныс алу аппаратынсыз өздігінен дем ала алады.
Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдай бүкіл ұжымнан – неонатологтардан, реаниматологтардан, медбикелер мен перинаталдық психологтардан жоғары кәсіби дайындық пен шыдамдылықты талап етеді.
Сәбидің анасы ұлын аман алып қалған дәрігерлер мен мейірбикелерге алғысын айтып, олардың қолдауы мен қамқорлығы ең қиын сәтте үлкен демеу болғанын атап өткен.
Жыл басынан бері Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығының мамандары салмағы 1000 грамға жетпей дүниеге келген 43 сәбидің өмірін сақтап қалған.
Айта кетелік, бұған дейін шымкенттік дәрігерлер 104 күн күресіп, шала туған нәрестенің өмірін сақтап қалғанын жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/motherhood/2308350-almatylyq-darigerler-742-gramm-salmaqpen-duniege-kelgen-sabiding-omirin-saqtap-qaldy/