Қызылордалық ерлі-зайыпты бірден үш қыз баланың ата-анасы атанды
Жарияланған күні:
Қызылорда облысында бір отбасында үш қыз бала дүниеге келді. Бұл биыл өңірде туған алғашқы үшем, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, 27 наурызда жүктіліктің 32 аптасында дүниге келген сәбилерге Хадия, Дария және Жәния есімдері берілген.
1210, 1470 және 980 грамм болып туған шақалақтар екі ай бойы ана мен бала орталығының арнайы күтім бөлімшесінде ем қабылдап, дәрігерлердің үздіксіз бақылауында болған.
Мамандардың біліктігі мен заманауи медициналық күтімiнің нәтижесінде сәбилердің жағдайы тұрақталып, салмақтары айтарлықтай артқан. Яғни 2390, 3390 және 2060 граммға жеткен.
Бүгінде 32 жастағы Мөлдір Бекбаулы мен 34 жастағы Нұрсұлтан Берікболдың шаңырағында үшемнен бөлек, тағы екі бала өсіп келеді.
Көпбалалы ата-ана – Сырдария ауданына қарасты Басарық ауылының тұрғындары.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/motherhood/2382429-qyzylordalyq-erli-zaiypty-birden-ush-qyz-balanyng-ata-anasy-atandy/