KAZ.NUR.KZ әлемдегі ең ірі қазақ тілді сайт атанды
Жарияланған күні:
KAZ.NUR.KZ жаңалықтар порталы әлемде қазақ тілді мақалалар жариялау бойынша көшбасшы орынға ие.
2019 жылдың басынан бері Nur.kz IT-компаниясының жобасы жеке ақпараттық ресурс ретінде жұмыс істеуде.
KAZ.NUR.KZ редакциясының басты міндеті оқырмандарға қазақ тілінде өзекті жаңалықтарды ұсыну болып табылады.
Ресурс пайдаланушылары KAZ.NUR.KZ сайты немесе қосымшасы арқылы әрдайым саясаттың, шоу-бизнестің, мәдениет пен спорт, сондай-ақ технологияның маңызды жаңалықтарынан хабардар болып отырады.
2019 жылдың сәуір айында сайтқа 2 млн 270 мың бірегей пайдаланушы кірген. Ал сайттың "Вконтакте" және Facebook әлеуметтік желісіндегі қауымдастықтарын жартты млн-нан аса оқырман бақылайды.
Ақпараттық бөліктен басқа, KAZ.NUR.KZ оқырмандарына арнайы сауалнамалар мен тесттер, басқа да контенттер ұсынылады. Мәселен, "Еліміздегі ең сымбатты әкім кім?" сауалнамасы 75 мың қаралым жинаса, "Еліміздегі ең әдемі жұлдыз кім?" сауалнамасына 48 мың адам жауап берді.
"Қазір қазақ тіліндегі ақпараттың жетіспеушілігі байқалады. Бұл ретте жас ұрпақ мемлекеттік тілдегі контентті қажет етеді.
KAZ.NUR.KZ- кәсіби мамандардан құралған команда. Алматыдағы кеңседе 10 адам жұмыс істейді. Біздің редакторлар онлайн-режимде әлемнің және елдің ақпараттың алаңын бақылап отырады. Барлық Қазақстан бойынша эксклюзивті материалдар мен репортаждар жазатын 30-дан аса фрилансер бар.
Айта кететін жайт, біздің оқырмандар өте белсенді. Күнделікті редакцияға түрлі тақырыптарды жариялау туралы сұраныстар түсіп отырады", - дейді KAZ.NUR.KZ редакциясының жетекшісі Гүлназ Абдували.
KAZ.NUR.KZ басты жаңалықтарды жібермей, өз аудиториясының қызығушылығын қатаң бақылап отырады. Редакцияда жұмыс күні таңғы 7-ден түнгі 12-ге дейін жалғасады. Сайтта бір күнде 80-ге жуық материал жарыққа шығады.
KAZ.NUR.KZ порталының жетістіктері қатарына экслюзивті жаңалықтарды, оқырмандардың сенімі мен оперативтілікті, аудитория қызығушылының сараптамасын, сондай-ақ қазақ тіліндегі мобильді қызметті жатқызуға болады.
Ендігі кезекте KAZ.NUR.KZ редакциясы еліміздің әр өңірінен авторлар базасын құрмақ. Егер біздің командада жұмыс істегіңіз келсе, өз түйіндемеңіз бен жұмыстарыңызды editor@corp.nur.kz сайтына жолдаңыз!
Жаңалықтарды қазақ тіліңде Android және IOS платформаларындағы NUR.KZ мобильді қосымшасынан оқыңыз.
Одан бөлек, NUR.KZ IT-компаниясы сізге басқа да жобалармен танысуды ұсынады: Rabotanur.kz job-қызметі, Nurtv.kz видеоқызметі және "Музыка Нұр" музыкалық қосымшасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/1794189-kaznurkz-lemdegi-e-iri-kazak-tildi-sajt-boldy/