Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азамат Шадат: NUR.KZ жарнамасы шынымен өте тиімді

Жарияланған күні:

NUR.KZ IT-компаниясының сатылым бөлімінің басшысы Азамат Шадат бизнес үшін жарнама берудің артықшылықтары мен жаңа өнімдер туралы баяндап берді.

Азамат Шадат: NUR.KZ жарнамасы шынымен өте тиімді
Азамат Шадат: Original

- NUR.KZ сайтында жарнама беруге арналған арнайы бөлім бар. Біз клиенттерге баннерлі, нативті, мобильді жарнама, брендтеу, арнайы жобалар мен видеоформаттар жасау сияқты көптеген мүмкіндіктер ұсынамыз.

Арнайы жобалар мен PR-материалдар бізде үлкен сұранысқа ие. Жарнама берудің орташа чегі 1 млн теңгені құрайды.

Айтпақшы, арнайы жобаларды алғаш ұсынған біз едік. Олар жарнама бөлімінің жалпы табысының 30% құрайды. Арнайы жобалар ойдағыны іске асыруда көптеген мүмкіндіктер береді. Ойындар, тестер ұйымдастырып, бірегей безендіруді іске асыруға болады.

Соңғы жылда оқылым бойынша неміс әуе тасымалдаушысы Lufthansa-ның "Америкалық және Еуропалық демалыстар" жобасы үздік болды. Ол 117464 оқылым жинады. Мұны мақтан тұтамын. Сондай-ақ клиентіміз оқырмандар байланыстарымен 1000 аса өтінім алды.

Маңызды әлеуметтік жобалармен де жұмыс істейміз. Мысалы, "Шекарасыз денсаулық" жобасы. Онда клиника қызметкерлері қазақстандықтардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ онкология сынды ауыр дерт бойынша кеңес алды. Оқырмандар 540-тан аса сауалнама толтырды.

- Компанияларыңыз жылына қанша келісім жасайды?

- Қызметіміз ел нарығында сұранысқа ие. Бұл NUR.KZ беделі мен оқырманы көп болуымен байланысты. Өткен жылы 250 аса келісім жасадық. 40% өсім көрсетіп, осы қарқынды жалғастырудамыз. Командамыз бүкіл нарықты қамтуға тырысады, барлық клиенттер үшін ашықпыз. Кейбір алаңдардың кіші және орта бизнеспен жұмыс істеуден бас тартатынын естимін. Біз болсақ, барлығына құрметпен қараймыз. Біздің басты артықшылығымыз - жарнама беруші үшін пайдалы өте тиімді жарнама.

Азамат Шадат: NUR.KZ жарнамасы шынымен өте тиімді

Сала бойынша ең белсенді жарнама берушілер: құрылыс, банк істері, автобизнес, беттинг, FMCG (күнделікті тұрмыс заттары), телекоммуникация мен байланыс.

IT-компания ретінде бірнеше жобаны дамытып келеміз: Rabotanur.kz job-қызметі, Nurtv.kz видео қызметі, және «Музыка Нур» музыкалық қосымша. Осы жобалардың аудиториясы жарнама берушілер тарапынан қосымша қызығушылық қамтамасыз етеді.

- NUR.KZ IT-компаниясында жұмыс істеу үшін сатушының қандай қасиеттері болуы керек?

- Өршіл мақсат - жетістікке жетудің бірден-бір жолы. Үміткер қиындықтан қорықпай, өзіне шектеу қоймауы керек. Компанияда талаптарының арқасында жақсы лауазымға қол жеткізген көп адам бар. Мен мұнда жұмыс істегеніме төрт жылдан асты. Жұмысқа орналасқанымда digital-жарнама туралы аз-маз ғана білетін жас жігіт едім.

Коммерция бөлімінде 22 қызметкер жұмыс істейді. Ұжымымыз бірнеше бөлімшеден құралған: сату бөлімі, жарнама агенттіктерімен жұмыс бөлімі, арнайы жобалар бөлімі, интернет-маркетинг бөлімі, кіруші-клиенттермен жұмыс бөлімі және жарнама беру бөлімі.

- Жарнама бергенде клиенттер жеңілдіктер сұрай ма?

- Иә, бұл шығыс менталитетінің ерекшелігі (күледі). Бәрі саудаласады, бұл жақсы. Осы арқылы мен бірден клиенттің қаншалықты шыңдалған екенін түсінемін.

Азамат Шадат: NUR.KZ жарнамасы шынымен өте тиімді

- Жарнама берушілердің видеожарнамаға сұранысы артқандығы туралы баяндап беріңізші...

- Видеожарнама - қазақстандық интернет алабындағы біршама жаңа формат. Соңғы үш жыл ішінде видео мүкәммал көлемі үш есе өсті. Бұл бастамасы ғана.

- Биыл жарнамаларыңызға деген сұраныс қаншалықты өсті?

- NUR.KZ IT-компаниясына биыл 10 жыл толды. Сайт қаралым бойынша екі мәрте тарихи рекордын жаңартты. Интернет-аудитория көбеюін жалғастыруда. Демек дәстүрлі БАҚ тұтынушыларын, яғни клиенттерін жоғалтып жатыр. 2019 жылдың алғашқы бес айында сатылым көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 46% өсті.

- Азамат, NUR.KZ IT-компаниясының ресурстарында жарнама берудің негізгі артықшылықтарын айтып беріңізші.

- Біз кез келген ойды жүзеге асыра аламыз. Біздің салада бәрі жеке адамға және сүйікті клиентіміздің мақсатына байланысты. Біреулерге ауқымды қамту қажет болса, енді біреулер өзінің мақсатты аудиториясын қамтуды қалайды. Интернетте жарнама беру бойынша басқа жарнама арналарымен салыстырғанда, біз мақсатымызға дөп тигіземіз және жарнама кампаниясының қортындысы бойынша кеңейтілген статистика аламыз. NUR.KZ IT-компаниясының жаңалықтар порталына ай сайын 12 млн бірегей қолданушы кіреді. Тек жаңалықтар беттеріндегі оқылым, басқа жобаларды қоспағанда 90 миллионнан асады.

- Командаңыздың алдына болашаққа қандай мақсат қойып отырсыз?

- Біздің жалпы мақсатымыз біз - табыс көрсеткіші мен басқа да ілеспелі операциялық көрсеткіштердің тұрақты өсімі. Бір жылға немесе тоқсанға қоятын барлық OKR (objectives and key results - мақсаттар мен негізгі нәтижелер) бұрынғы кезеңдерден жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу. Осындай даму қарқынымен келе жатқанымызға көп жыл болды.

Ал нақты мақсаттарға келер болсақ, қолда бар өнімдер бойынша көлемді ұлғайта отырып, видео бағытқа көп көңіл бөле бастадық. Сондай-ақ аудитория қызығушылықтарын нақты анықтап, жарнама тиімдлігін арттырудамыз.

Серіктестік мәселелері жөнінде Азамат Шадатпен 8(707) 913 45 91 нөмірі арқылы немесе e-mail: azamat.shadat@corp.nur.kz арқылы байланыса аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/1797583-azamat-sadat-nurkz-zarnamasy-synymen-te-tiimdi/