jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Әлемнің ең көне және ең ірі базарында сауда жасайтындар кімдер?

: UGC

Жарқын керамика, қымбат кілемдер мен жиһаздар, сирек кездесетін бұйымдар мен кәдесыйлар — бұл Ыстамбұлдағы әлемнің ең көне және ең ірі базары "Ірі базардан" (Гранд-базар) табуға болатын заттардың бір бөлігі ғана деп хабарлайды NUR.KZ порталы bigpicture.ru-ға сілтеме жасап.

Гранд-базар 61 көшеге созылған 3 мыңнан астам дүңгіршектер мен дүкендерге ие. Базарға күнделікті 250 мыңнан астам адам келеді. Базарды қала ішіндегі қала деп те атауға болады. Оның аймағында дүкендер ғана емес, мешіттер, мейрамханалар, тұрғын үйлер, тіпті зират та бар.

Ыстамбұлдағы бұл базар XV ғасырда Жаулаушы Мехмед сұлтанның тұсында бой көтерген.

Оның көнелігі мен таңдаудың көптігі жергілікті тұрғындарды ғана емес, әлем саяхатшыларын да қызықтырады - 2014 жылы Гранд-базар әлемнің ең көп адам жиналатын көрікті мекені атанған.

Танымал базарда түсірілген фотолар тізбегін назарларыңызға ұсынамыз.

Хасан Аязгөк дәстүрлі түрік керамикасы дүкенінде.

Дәстүрлі түрік тәттілерін сататын саудагер - Хасан Рамо.

Танер Эргудер суреттер сатуда.

Дәстүрлі киімдер сататын дүңгіршек.

Доган Мерт — дәстүрлі түрік лампаларын сатушы.

Серкман Алмаз шахмат сататын дүңгіршекте.

Хусейн Эрдоған керамика дүңгіршегінің маңында.

Кілемдер дүңгіршегінің иесі.

Исмаил Генис - керамика дүкенінің иесі.

Сирек кездесетін бұйымдармен саудалаушы ұрпақтан ұрпаққа берілген дүкенінің маңында.

Кенан Калмаз мата сататын дүкенде газет оқуда.

Ахмет Тан дәстүрлі музыкалық аспаптар дүкенінде.

Мехмет Онлу зергерлік бұйымдар дүкенінде.

Әлемнің ең көне және ең ірі базарында сауда жасайтындар кімдер?

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.