Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамзат тарихындағы ең әсерлі 26 фото

Жарияланған күні:

Бұл фотолардан адамның қиыншылықтары мен басынан өткерген қайғыларын бір қарағаннан-ақ көре аласыз. Олардың әсерлілігі соншалық, көзіңізге амалсыздан жас аласыз.

NUR.KZ порталы Liveinet.com сайтына сілтеме жасап адамзат тарихындағы ең әсерлі 26 фотоны назарларыңызға ұсынады.

“Мен егде жастағы адамдардың соғыс ашып, өлімге жас жігіттерді жіберетін бұл өмірден әбден тойдым”

Туған әкесінен жәбір көрген әйел мен оның 4 жасар баласы. Ер адам олардың бетіне қышқыл шашып жіберген.

Сирияда жасөспірім өз қарындасын үйінділердің арасынан құтқаруда.

Тошимана – Киотодағы гейшаның шәкірті.

Күрд бойжеткені өз отбасын ДАИШ әскерлерінен қорғау үшін қару асынып жүр.

Сібір орманында 11 күн бойы адасып, аман қалған қыз бала.

Батыс Бенгалиядағы көзі көрмейтін альбинос балалар, 2013 жыл.

Альбинос бала және оның ағасы, Конго.

Сібірлік отбасының түскі асы.

Қалалық автобус жолаушылары тамырын кесіп, өзіне қол салмақ болған әйелді құтқаруда.

Сури тайпасынан шыққан бала, Эфиопия.

Айовалық жұп 72 жылдан кейін некелерін қиды.

Моңғолиядағы 13 жасар бүркітші қыз - Айшолпан.

Қытайлық шахтердің беті. 

Палестиналық қыз Газа секторында Калашников қаруын ұстап келеді.

Ерекше көз жанары.

Жеті жасар сириялық көтерілісші.

Вьетнамдағы кішігірім ауылдың күріш фермері.

18 жастағы израильдік армияның жауынгері ұзақ жүгірістен кейін.

Ямал жартыаралындағы шай ішу сәті.

Жас малагасийлік қыз баобабтар арасында.

Жас монах және оның ағасы.

Кедей фермердің ұлы диплом алды.

Сириялық босқындардың отбасынан шыққан қыз бала. 

Маскүнем әке мен оның баласы.

Екі жасар бала қолынан айырылған анасын тамақтандыруда. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1071234-adamzat-tarikhyndaghy-enh-aserli-26-foto/