RU

12 жастағы бразилиялық қыз ұзын шашын шорт кесіп, 5000 долларға сатып жіберген

Өмірінде шаштаразға бармаған 12 жастағы бразилиялық Наташа Мораевс де Андраде 1 метр 57 сантиметрге жеткен шашын шорт кесіп, сатып жіберген. Ұзын шашынан айырылуға оның отбасылық жағдайы себеп болған деп хабарлайды stan.kz.

Оның отбасы үйлерін жөндеуге ақша жеткізе алмай отырған: Ал Наташа шашын сатса 5 мың долларға дейін табыс таба алатынын түсінген.

Қыздың шашын жууы үшін аптасына төрт сағат уақыт пен бір құты шампунь кетеді. Шашты тараудың өзіне бір жарым сағатын жұмсауға мәжбүр.

Жыл сайын шаш күтімі мен шампуньге 600 доллардан астам қаржы кетеді екен. Бұл аз қамтылған отбасы үшін өте үлкен қаражат.

Қыздың шашын қидыруға оның анасы үгіттеген. Ол мектепке барған кезінде қиналып, шашын жинап алып қолына ұстап жүретін болған.

Наташаның отбасы Рио-де-Жанейродағы кедей ауданда тұрады. Оны жергілікті балалар да ұзын шашын келеке етіп мазақтайды.

Көшедегі адамдар оны жиі суретке түсіріп алып жататын, тіпті біразы шашын қимауға да кеңес беретін.

“Мен өзімнің шаштарымды жақсы көремін. Оны қидыруға қимаймын”, – деген Наташа ақыры 2012 жылы шашын қиюға бел буған.

Ол шашын 5 мың долларға сатып, түскен ақшаны отбасына жұмсаған. Бір жағынан ол енді емін-еркін жағажайға да бара алатын болдым дейді. Себебі, бұған дейін ұзын әрі қалың шаштары күн сәулесінен зардап шегетін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1074711-12-zhastaghy-braziliyalyq-qyz-uzyn-shashyn-sho/