Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Африкадағы аш-жалаңаш балаларға" кетпек болған балақай желіде жұлдыз болды

Опубликовано:

Интернетте "Данечка қалай Африкаға жиналды" деген видео көпшілікті тәнті етті. Онда 4 жасар балақай ата-анасына ренжігендіктен, өзін Африкадағы "аш-жалаңаш балалардың" қасына апарып тастауын сұрайды.

Балақайдың әкесі видеоны интернетке жүктеу үшін түсірмеген болып шықты. Алайда Данечканың әжесі "Одноклассники" желісіндегі бірнеше құрбысымен видеоны бөліскен екен. Салдарынан видео интернетте тарап кетіп, тіпті оны өшіргеннен де түк шықпаған.

"Баламыздың эмоциясын көпшілікке көрсеткіміз келмегендіктен, біртүрлі болып отырмыз. Әжеміз, тіпті қатты алаңдап жүр. Ендігі бірнеше "құрбыға жіберіп, бөлісу" мен "бүкіл әлемге көрсетудің" бір нәрсе екенін түсініп отыр", - дейді Руслан Гареев өз Facebook парақшасында.

Видео кез-келген адамды елітіп әкетеді. Ата-анасына ренжіген балақай Африкаға кетемін деп жолға жиналуға кіріседі. Кейін Африканың алыс екенін түсініп, Лапландияға "аюларға азық болу" үшін кетемін деп шешеді.

"Ата-ананың қажеті жоқ" деп еркелеген қыз бала, өз бетінше киіне алмағасын, әкесі киінуге көмектескенде ата-ана қажет болатынына келіседі.

Руслан Гареев ақыры баласының видеосы айтарлықтай тарап кеткенін түсініп, оны өз бақылауына алуға бел буған. Ол Данечкаға арнайы  YouTube парақшасын ашып, оған бірталай жазылушылар да жиналып үлгерген.

Әкесі қызы еркелеп осылай сөйлегеніне, айтарлықтай реніштің болмағанына сенімді. Дегенмен "баланы қатты ренжіткені үшін" қыздың ата-анасына сын айтқандар баршылық. Психологтар болса, баланың 5 жасында осылай еркелікке салынғаны қалыпты жағдай екенін алға тартты.

Қызының бұл қылығынан кейін Гареев бір күні міндетті түрде Данечканы Африкаға сапарға алып шығатын болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1108612-afrikadaghy-ash-zhalanhash-balalargha-ketp/

pixel