Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемнің танымал мұсылмандары

Опубликовано:

Танымал Голливуд жұлдыздары, сән әлемі мен спорт әлеміндегі жұлдыздар арасында да мұсылмандар баршылық.

Олардың ішіндегі ең танымалдарын ztb.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы назарларыңызға ұсынады.

Майк Тайсон

Әлемге танымал боксер Майк Тайсон 1992 жылы ислам дінін түрмеде отырып қабылдаған болатын. Тайсонның айтуынша, ислам діні оған жақсырақ бола түсуге септік болған. Боксшы 2010 жылы Мәлік Абдул Азиз атты ислам есімін алып, Меккеге қажылыққа барып келген.

Шакил О'Нил

Танымал америкалық баскетболшы Шакил О'Нил ислам дінін 2000-шы жылдың басында қабылдаған. Спортшы өз діні туралы сирек айтады. 2010 жылы қажылыққа барған.

Амаль Клуни

Джордж Клунидің әйелі Бейрутте дүниеге келген. Екі жасында отбасымен Ұлыбританияға көшіп келеді. Амальдың ата-анасы - ливандықтар, яғни Амаль - мұсылман. Оның анасы "Аль-Хайат" араб газетінде шетелдік редактор болып қызмет етсе, анасы - Бейрут университетінде бизнес-зерттеулердің профессоры.

Иман

Иман Мохамед Абдулмаджид - Батыс сән әлемінде танымалдыққа ие болған тұңғыш мұсылмандардың бірі. Бойжеткен Мысыр мен Кенияда білім алып, 70-жылдардың ортасында АҚШ-қа көшіп келеді. Онда ару Vogue журналына және өзге де танымал басылымдарға шығып, атақты бола түседі.

Эйкон

Атақты әнші Эйконның мұсылман екенін көбі біле бермейді. Ол ешқашан ішімдікті аузына алып, темекі шегіп көрмегенін мақтан тұтады. Оның, тіпті діни сеніміне бағышталған "Сенегал" атты әні де бар. «Не істесек те, Алла разылығы үшін істейміз» дейді ол.

Зейн Малик

One Direction тобының бұрынғы солисі Зейн Джаваад Малик Ұлыбританияда дүниеге келген. Әкесі - пәкістандық, анасы - Англия тумасы. Мұсылмандар оны татуировка салдырып, жұлдыз болып кеткені үшн кінәлайды. Ал Батыс өкілдері болса, Зейнді ИШИМ-ге қатысы бар деп талай айыптаған болатын. Содан кейін Зейн өз діни ұстанымы туралы айтпауға бел буған.

Робин ван Перси

Нидерланд құрамасының тарихындағы үздік бомбардир. Оның табынушылары Робиннің мұсылман екенін көпке дейін білмей келген. Ван Перси ислам дінін Бушра Элбали атты марокколық мұсылманды кезіктіргеннен кейін қабылдаған.

Тьерри Анри

Франция және лондондық Арсенал тарихындағы үздік бомбардир. Ол 2008 жылдың желтоқсанында ислам дінін қабылдаған. Сұхбат кезінде Тьерри мұндай шешім қабылдауына Эрик Абидаль мен Франк Риберидің әсері зор болғанын айтып өтті.

Джанет Джексон

Ағалары Майк пен Джермейн Джексоннан кейін Джанет те ислам дінін қабылдаған. 2012 жылы әнші катарлық миллиардер Виссам Аль Манға тұрмысқа шығып, сахнаға ашық-шашық шығуын доғарады. Жақында 50 жастағы Джанет тұңғышына жүкті екені анықталды.

Зинедин Зидан

Керемет шалғай соққы жасау білетін әлем чемпионы, Алтын доп иегері, ХХ ғасырдың үздік клубы «Реал Мадридте» мансабын аяқтаған Зинедин Зидан да - мұсылман. Ол қашан да кедейлерге қолдау көрсетіп жүреді. Француздар ислам дінін көбірек білуі тиіс деп санайды.

Рита Ора

Югославияда албандықтар отбасында дүниеге келген. Ританың анасы - католик, ал әкесі - мұсылман. Бойжеткен өз дініне үлкен құрметпен қарайтынын алға тартады.

Карим Бензема

Карим Бензема Францияда дүниеге келген. Оның ата-анасы - алжир-кабиль тумалары. Бензема бүгінде Real Madrid құрамында, сонымен қатар Франция үшін де халықаралық аренаға тұрақты түрде шығып тұрады.

Месут Озил

Германия құрамасының жартылай қорғаушысын кезекті Диего деп атап кеткен. Футболшы қаны түрік аралас болғандықтан өзін мұсылман санайды. Оның әр матч алдында құран оқитыны белгілі. Бұл футболшыға үлкен күш беретін көрінеді.

Тағы оқыңыз:

Мұхтар Құл-Мұхаммед Назарбаевты бес парызын орындаған нағыз мұсылман деп атады

ОҚО-да бір мектептің 40 түлегі "Алтын белгімен" бітіріп жатыр

Ерлан Қарин Қазақстандағы "ВКонтакте" желісін бұғаттап тастауды ұсынды

Ақтөбеде жүргізуші лаңкестердің автобустың қалай басып алғанын айтып берді

Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқан күзет қызметкері «үйленемін» деп дайындалып жүрген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1154740-alemninh-tanymal-musylmandary/

pixel