Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туған анасы өзіне өлім тілеген жігіт қайсарлығымен әлемге танылды

Жарияланған күні:

Австралиялық Роберт Хог (Robert Hoge) жарық дүниеге келгенде, анасы баласына өзін күштеп қаратқан. Бір апта бойы әйел баласынан бас тартып, оны емханада қалдырады деп жазады Қамшы порталы.

«Оның түрі сондай жаман» — деп көз жасын төгіп, әпкесіне шағым айтатын. Осылай ол сәбиін алмастан, құтылуға асығады. Тіпті, баласының дүниеге келмей-ақ өліп қалғанын тілеген.

Роберттің дүние есігін ашқанда бетінде үлкен ісігі, дамымаған аяқтары және басқа да дефектілері бар болды. Содан бері 44 жыл өтті. Бір кездері өлім тілеген ананың баласына деген махаббаты осындай боларын кім білген?! Баласы үшін ол шабыт беруші күштің бірі болды.

Анасы бір ай бойы Роберттен бас тартқан. Бірақ, барлық отбасы мүшесі ақылдаса келіп, бесінші балалары Робертті өздеріне алуға шешім қабылдағандарын әйелге айтады. Жылдар өтеді, бала да өседі. Сұрықсыз сәбиіне көзі үйренген ана уақыт өте келе оған үйреніп, бауыр басып кетеді.

Бұл оқиға пластикалық хирургия дамымай тұрғанда болған және отбасының барша мүшесі Роберт түрі үшін талай адамдардың күлкісіне айналатынын түсінетін.

Бауырлары өздерінің кішкентай Роберттерін қорғаштап, ешкімнің оны ренжітпеуін қадағалайтын. Олар өз мүмкіндіктері қалай пайда болды, сол мезетте-ақ баланың бетіндегі ісігін алып тастайтын хирург табады. Дәрігерлер оның мұрнын толықтай алып тастап, қайта қалпына келтіру үшін Роберттің аяғының бас бармағындағы шеміршек тіндерін қолдануға мәжбүр болады.

Екі аяғының да дамымай қалуы Роберттің тумысынан бар дефектісі және оны түзеуге дәрігерлер қауқарсыз болады. Ақырында отбасы баланың екі аяғына да ампутация жасап, протез кигізеді.

Бір күні Роберт анасының өз ойларын жазған күнделігін тауып алады, онда дәрігерлердің кеңесі де бар болатын. Жаңа туған нәрестеге қатысты өкпелерін де көзі шалады, Роберт: «Менің оған деген ешқандай сезімім жоқ!» — дегенді оқиды. Бұл сөздер оның жүрегін қатты ауыртады. Шешесінің одан құтылғанша асық болған ойлары сол күннен бастап Робертке тыным бермейді. Анасына масыл болғаны үшін ұзақ уақыттар азап шегетінін біраз жылдан соң айтады. Сол үшін де ол өзін басқа қырынан көрсетеді: «Бір сәтте бәрі өз орнына келді. Менің өмірім кино деп ойладым. Онда бірнеше көңілсіз сәттер бар. Бірақ, оның соңы бақытпен аяқталады».

Бүгінде 44-жастағы Робрет, танымал және табысты адам, анасы жайлы ең жақсы сөздерді ғана айтады. Ол анасын тек «жақсы, қамқор, керемет» адам ретінде ғана есінде сақтаған.

Роберт пен әйелі Кэти Австралияда Виннамда тұрады. Олардың екі қызы бар, әкелері оларды өте қатты жақсы көреді. Аяғының жоқтығы мен сұрықсыз түріне қарамастан Роберт өзін тастап жібермеген. Ол білім алып, журналист болып қызмет істейді. Бүгінгі таңда өте танымал жазушы.

2013 жылы Робертті «Ugly» — сұрықсыз атты автобиографиясы шықты. Роберт өз өмірінен мысал ала отырып, біздің өзіміз жайлы өзгелердің не ойлайды деп қатты алаңдауымызды, бұл жалтақтықтың көп жерде кедергі екенін көрсетуге тырысады.

« Өз келбетіңді билей біл» — Роберттің атақты TEDx жобасындағы сөзі осылай басталады. Роберт бүгінде өзіне «бет-әлпетін» түзеу туралы ұсыныстардың жиі түсетінін айтады. Бірақ, табысты жазушы, бақытты әке «көрікті келбетсіз» өмірде көп нәрсеге қол жеткізді. Бастысы жақындарыңның қолдауы дейді Роберт.

Ол бүгінде бір кездері өзін тастап кетпей, үйге әкеліп, бағып-қаққан анасына алғысының шексіз екенін, өмірінің орта белінен бақытты сюжет жасауға мүмкіндік берген барша жанға рахметін жаудырып, бақытты ғұмыр кешуде.

Тағы оқыңыздар:

Атышулы Алматы хайуанаттар бағының директоры ақыры қызметінен кетті

Көзі көгерген Антонио Бандерас нәзік жандыларды шошытты (фото)

Түркіменстан президентінің ұшағы апатты жағдайға тап болды

Андрей Аршавиннің Алматыдан кеткісі келмей қалды

Хиллари Клинтон Трамптан жеңілгенін мойындап, телефон соқты

Назарбаев Хиросима қаласының айрықша құрметті азаматы атанды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1312166-tughan-anasy-ozine-olim-tilegen-zhigit-q/