Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір тәулікте 76 тілге аударылған қарт ананың төрт ауыз сөзі

Опубликовано:

Бір тәулікте 76 тілге аударылған қарт ананың төрт ауыз сөзі әлем жұртшылығының жүрегін елжіретті. Аяулы ананың жан тебірентер сөздерін muftyat.kz сайты назарларыңызға ұсынады.

Балам, мен қартайғанда мені қараусыз қалдырма, ол кезде мен бейне сенің кішкентай кезіңдегідей асырауға мұқтаж боламын.

Мен қартайғанда қолдарым дірілдеп, бейне сенің сәби кезіңдегідей асты киімге төгіп алуым мүмкін, сол кезде сен сабырлы бол.

Мен қартайғанда кейде сыртқа шығып таза ауа жұтқым келеді, құдды сенің бала күніңде арбаға салып алып сыртқа алып шыққанымдай, мені де далаға алып шығып серуендетіп тұрсаң.

Мен қартайғанда істеген ісімді, сөйлеген сөзімді ұмытып қаламын. Маңызы жоқ істер үшін басыңды ауыртып сөйлей беретін болармын, ол кезде мен не десем де сенікі жөн деп, көбірек сабыр сақтағайсың!

Мен қартайғанда көпсөзді болып кетуім мүмкін, ол кезде екі құлағыңды басып тұра қашпай, өтірік болса да тыңдаған кейіп танытып отыра берсең болады.

Мен қартайғаннан кейін кішкентай балаға тәрбие бергендей сенің де құлақ етіңді жеп, тәрбие айта беруім мүмкін, ол кезде менің айтқаным көңіліңе жақса да, жақпаса да «Жарайды!» деп басыңды изей салсаң болады.

Балам, мен о дүниеге аттанғаннан кейін, мәңгілік көзімді аша алмайтын болғанда егер Алла қалап жатса ол жақта да сенің бақытың мен отбасың үшін дұға жасайтын боламын!

Тағы да оқыңыздар:

Астананың атауы "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев" болып өзгеруі мүмкін

"Иә, мен геймін": Роналду шын мәнінде не деп айтты?

Елорда атауы өзгертілген жағдайда Астана тұрғындарын не күтіп тұр?

30 жастағы ер адам әлі күнге дейін қыздармен жақын қатынасқа бармағанын айтты

Миллиардер "ханшайым" Гүлнар Каримова туралы не білеміз?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1326647-bir-taulikte-76-tilge-audarylghan-qart/

pixel