jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстандық жігіттер денесінің түгін алдырудан жарысып жатыр

: UGC

Әлемдік нарықта дене түгінен құтылуға көмектесетін триммер деп аталатын құрылғы сұранысқа ие болуда. Бұл жаңа әдісті қазақстандық ер азаматтар да жиі қолданатын болған. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Маркетологтар бұған ер азаматтардың дене түгінен құтылуға деген ерекше құлшынысы себеп деп санайды.

"2000 жылдардың басында-ақ жылтырақ журналдарда денесінде түгі жоқ сымбатты жігіттер шыға бастады. Бұған әрине қаражат пен жарнама өз септігін тигізеді. Әлем спортының жұлдыздарына қарасаңыз, денесі тап-таза болып тұрады. Тек теннисші Роджер Федерер түгін алудан түбегейлі бас тартқан. Сол себепті Криштиану Роналду, Тайгер Вудс пен Леброн Джеймстің қасында "қар адамға" ұқсап қалған", - дейді  маркетолог Абзал Жанбота.

Ерлер арасында түктен құтылу қызметтерін ұсынатын салондар негізінен Астана қаласында мол пайдаға кенелуде. Мұндай салондарда ер азаматтың әуретті жеріндегі түкті алу әйелдермен салыстырғанда екі есе қымбат.

"Бүкіл денені ыстық балауызбен түктен тазалау үшін ер адам 60 мың теңгесінен қағылады. Ал әуретті жердегі түкті алатын болса, 15 мың теңге төлейді. Бүгінде түксіз дене сәнге айналған. Маған бұл қызмет түрі бойынша жетістікке жеткен қалталы азаматтар жиі жүгінеді. Айта кетерлігі, түкті тазалау кезінде кәдімгідей қиындыққа  шыдауға тура келеді", - дейді Астана салондарының біріндегі қызметкер.

Алан Исаевтың материалынан аударылды.

Тағы оқыңыздар:

Халыққа қызмет көрсету орталықтарын 31 жастағы лейтенант басқаратын болды

Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылау мерзімі анықталды

Баскетболшы Игорь Нанаевты айналдырған екі минуттың ішінде өлтіріп тастаған (фото, видео)

Павлодарда үй тонауға келген ұрылар тәтті ұйқыға батқан

Медициналық сақтандыру қорын құруға бюджеттен 8 миллиард теңге жұмсалмақшы

Қазақстандық жігіттер денесінің түгін алдырудан жарысып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.