Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Wi-Fi желісін иесінің рұқсатынсыз қолдануға бола ма?

Опубликовано:

Cымсыз ғаламтор желісін (WI-FI-ды) иесінің рұқсатынсыз қолдануға бола ма деген көпшіліктің сауалына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Сымсыз ғаламтор желісін белгілі бір мөлшерде қаражат жұмсап, аталмыш қызметті қостырған азамат қана қолдана алады. Қызметті қостырған азаматтың рұқсатынсыз өзге тұлғалардың қолдануы шариғи тұрғыдан дұрыс болмайды. Себебі өзге тұлғаның мүлкіне рұқсатсыз қол сұғуға болмайды. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: إِنَّهُ لَا يَحِلُّ مَالُ امْرِئٍ إِلَّا بِطِيبِ نَفْسٍ مِنْهُ «Кісінің малы ол (қолдануға) разылық көрсеткенде ғана адал болады».

Желіге қосылғанда оның қызметіне әсер етпеген күннің өзінде иесінің рұқсатынсыз желіні пайдалануға болмайды. Айта кетерлік жайт, желінің құпия сөздермен немесе сандармен қорғалмауы кез келген тұлғаның пайдалануына болады дегенді білдірмейді. Өйткені құпия сөзді немесе санды қызметті қолданушы ұмытып яки болмаса қателесіп қоймауы мүмкін. Шынайы тақуа, мұсылман кісінің мұндай істерден аулақ болғаны жөн. Сондай-ақ, көпшілік жүретін жалпы орындардағы (әуежай, вокзал) сымсыз ғаламатор желілерін шариғи тұрғыдан қолдануға болады. Себебі жалпылай рұқсат берілген. Дұрысын Алла біледі", - делінген ҚМДБ хабарламасында.

Тағы оқыңыздар:

Шаңғышы Иван Люфт Қазақстанға алтыншы алтынды әперді

Димаш Құдайбергеннің әкесі Витастың шағымына қатысты пікір білдірді

Универсиада-2017: Қазақстан қоржыны тағы бір қоламен толықты

Қостанайлық ана үйінің берекесін қашырған ұлын түрмеге отырғызды

Универсиадаға қатысқан украиналық спортшыны тікұшақпен ауруханаға жеткізді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1396837-wi-fi-zhelisin-iesininh-ruqsatynsyz-qoldan/

pixel