jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

Марста тіршілік бар деген ақпар қаншалықты рас?

: UGC

Марс ғаламшарында мұздықтар бары бәрімізге белгілі. Сондай ақ, қызыл ғаламшардың атмосферасында оттегі барын да білеміз. «Ендеше, онда өсімдік өсіруге бола ма?» деген көкейкесті сұрақ адамзатты толғандыратыны рас деп жазады Nationalgeographic.kz басылымы.

Нидерланд экологтары Марс бетіндегі топырақтың химиялық құрамымен сәйкестендірілген топырақта өсімдіктің 14 түрін сынақтан өткізді. Топырақ құрамында фосфор, азот, калий, магний, кальций және темір сияқты өсімдіктің өсуіне қажетті барлық құнарлы заттар болды.

(«Марсиандық» фильмінде (кітабында) ғарышкердің нәжісті тыңайтқыш ретінде пайдаланатыны секілді жағдай орын алған жоқ)

Бірнеше айдың ішінде өсімдіктердің көбі, мәселен, сәбіз аман қалды. Алайда Марстағы топырақтың кемшілігі – ондағы күнге қақталған түйіршіктер өте майда, сондықтан ылғалды ұстап тұра алмайды.

«Марсқа бақша салу идеясы ғылыми тұрғыдан қызықты болғанымен, жүзеге асуы мүмкін бе?»

«Жоқ», – дейді топырақты зерттеуші эколог Уайгер Уэймилинк.

Марс ауасындағы оттегі мөлшері тым аз, климаты суық және мұнда жердегідей өсімдіктерді жоғары деңгейлі радиациядан қорғайтын электромагниттік өріс жоқ.

«Марс тұрғындары өсімдіктерді күмбезді ғимараттардың немесе арнайы жасақталған шатырлардың ішінде өсіруге мәжбүр болады», – дейді Уэймилинк.

Дереккөз: Nationalgeographic.kz

Тағы оқыңыздар:

Айсәуле Бақытбек бойының аласалығына қарамастан модель болды (видео)

ШҚО-да сәби сүюді армандаған ауқатты әйел сығандардан оңбай алданып қалды

Жаңаөзенде "үйленген" 14 жастағы жеткіншектердің суреті желіні шулатты (фото)

Массаж салонына жұмысқа тұрған қостанайлық бойжеткен жезөкшелік жолға түсе жаздады

Марста тіршілік бар деген ақпар қаншалықты рас?

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.