Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бішкекте қазақ пен қырғыз алабайларының төбелесі өтті (фото)

Опубликовано:

Бішкекте Орта Азия чемпионатының аясында Қазақстан мен Қырғызстанның алабай иттерінің төбелесі өтті, деп хабарлайды Zanoza.kg сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Қазақстан 14 ит шығарғандықтан, бізде дәл сондай ит шығардық. Біздің иттеріміз 7:5 есебімен жеңді. Тағы екі ит конкурстан тыс төбелесті», - деп атап өтті «Қырғыз бөрібасарлары» қоғамдық бірлестігінің өкілі Әділ Тұлғабаев.

Ол төбелестің төрт салмақ категориясында өткенін, бірақ сайысқа үш жасқа дейінгі ғана иттер қатысқанын айтты.

Жеңген ит ұтыс қана алмайды, сонымен қатар халықаралық жарысқа қатысуға жолдама алады. Чемпионнан алынған күшіктердің де бағасы қымбат болады.

"Мұндай сайыс –шоу үшін емес. Төбелестер итті батыл болуға, қасқырға қорықпай шабуға үйретеді. Рингте олар қатты жарақат алмайды. Оның орын алуына қожайындар да, төрешілер де мүмкіндік бермейді. Қырғыз бөрібасары – ұлт мақтанышы. Мұны көп насихаттап, дамыту керек. Манасты ұмытпаймыз ғой, бұл да сондай жетістік», - деп мәлімдеді Тұлғабаев.

Айта кететіні, жарысқа қатысты халық екі түрлі пікірде болды.

" Бұл дұрыс емес. Мен ұйымдастырушыларға 100 мың сом айыппұл салатын едім»

" Мынау не деген масқара? Біз қай ғасырда өмір сүреміз? Ау, биліктегілер бірдеңе жасасаңыздаршы!» , - деп кейбір адамдар жарысқа түбегейлі қарсылақтарын білдірген.

Тағы оқыңыздар:

Арман Сқабылұлы: Баян Есентаева басынан өткен жайттан соң идеал болатын жағдайда емес

Саясаттанушы: Әлі бірнеше облыстың әкімі ауысады деп күтілуде

Алматыда баласын мойындамай отырған ірі кәсіпкерге қатысты жаңа дерек шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1437627-bishkekte-qazaq-pen-qyrghyz-alabaylary/

pixel