Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасы ұсқынсыз деп тастап кеткен баланың есейгеннен кейінгі өмірі елді таң қалдырды (фото)

Опубликовано:

Ұсқынсыз болғандықтан анасы тастап кеткен баланың ержеткеннен кейінгі өмірі елді таң қалдырды деп хабарлайды "Қамшы" порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Түрі ұсқынсыз болғандықтан ата-анасы тастап кетті дегенді естіп пе едіңіз? Алайда, Джоно Ланкастер есімді балақайдың басынан дәл осындай жағдай өтті. Оның оқиғасы кімнің болса да жүрегін елжіретері анық.

Джоно Ланкастер Коллинза синдромына шалдыққан. Яғни, кейбір ұсақ сүйектері жетілмей, есту мүшесіне зақым келген. Алайда, ол  бір нәрсені есінде сақтаа қалды – тағдырға мойын ұсынбау, қиыншылыққа ешқашан дес бермеу.

Анасы сәбиді босанған соң, көп ойланбастан баласынан бас тартатынын жеткізген. Ол ата-анасына ренжімейді. Қайта, бағы бар екенін айтады. Дәл осы синдроммен ауыратын балалар ота жасатып ақшаларын көкке шашып жүр, ал Джоноға оның керегі жоқ.

Біраз күндерден соң баланы Джин Ланкастер есімді әйел асырап алады. Оның келбеті басқа балалардан өзгеше еді. Мектепте оқып жүргенде-ақ бала өзінің басқаларға ұқсамайтынын байқаған.

"Көбісі жұқтырып алуға қорқып менен алыс жүретін. Анамнан себебін сұрағанда, ол жауап қатпай жылай беретін. Мен оның көз жасына өзімді кінәлі сезінетінмін", - дейді Джоно.

Мектепте оны балалардың бәрі дерлік жек көргендіктен, ол өзін мүлдем жалғыз сезініп жүрді. Сөйтіп, бала ержетті. Бармен болып жұмысқа орналасты. Бұл оның өмірін жақсы жаққа өзгертті...

Бірде Джонның жанына скинхед келіп: «Құлағыңның жөнді естімейтіні қандай жақсы, әйеліңнің ұрысқан сөздерін естімейтін боласың», - деді. Джон күліп, расында, бар қиыншылықтың бір жеңілдігі болатынын ойлады.

Бүгінгі күні Джоно мұғалім болып, балалармен жұмыс істеп жүр. Өз тағдырын жеңіп шықты. Балаларға әрқашан күш беріп отырады.

Ол бар жағдай тек жақсылыққа апаратынын айтады: "Менің биологиялық ата-анам менімен әлі күнге дейін байланысқылары келмейді. Дәл сол себепті менің қоршаған ортаға, айналамдағы адамдарға деген көзқарасым басқаша болды. Менде мүмкіндік болғанның өзінде, ештеңені өзгертпес едім. Бар қиыншылықтың түбінде жеңілдік жатады".

Тағы оқыңыздар:

Геннадий Головкин: Мен шоумен емес, боксшымын

Қанат Ислам мәдениет министріне қолғабын сыйлады (фото)

Балабақша тәрбиешілерінің ерсі биі жұрттың ашуына тиді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1443076-anasy-usqynsyz-dep-tastap-ketken-bala/

pixel