Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсінде жігіттен зорлық көрген келіншек полицияға оның үстінен арыз түсірді (фото)

Опубликовано:

36 жасар ресейлік Калуги тұрғыны түсінде жас жігіт зорлағанын айтып, полицияға арыз берген. Бұл туралы Life.ru басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Арызға сәйкес, 24-ші наурыз күні Верониканың үйінде кішігірім отырыс болған. Кештен шаршаған әйел көзі іліне бастаған сәтте жатып, демалмақ болады. Енді жантая бергені сол еді, бөгде біреу есігін қағады.

Вероника өзі танымайтын ер адамды үйіне кіргізеді. Оның айтуынша, бейтаныс азамат үйге кіре сала, әйелдің мойнынан шап беріп, қылқындыра бастайды. Оны үйдің ішінде шашынан ұстап сүйрете жөнелген. 

Нәзік жандыға күш көрсеткен еркек оны төсекке лақтырып, жыныстық қатынасқа түскен. Бейтаныс азаматтан зорлық көріп жатқанда әйел бірнеше рет есінен танып қалады. Верониканың айтуына қарағанда, ол есін жиған сәтте өзін зорлаған қаскүнем жанынан табылмаған. Онымен бірге әйелдің іш киімдері де жоғалып кетеді.

«Қыздан сараптама жасау үшін іш киімін өткізуді сұрағанда, Вероника бейтаныс азаматтың өзінің іш киімдерін алып кеткенін айтты», — деп хабарлайды ақпарат көзі басылымға.

Құқық қорғау қызметкерлері қызды дереу ауруханаға жеткізіп, толықтай сараптамадан өткізеді. Алайда дәрігерлердің айтуынша бөгде біреуден зорлық көрдімге келтірген қыздың денесінен ешқандай зорлық белгілері табылмаған.

Жүргізілген сараптаманың қорытындысымен келіспеген ол өзімен болған жағдай "түсінде" емес, расында да "өңінде" болғанын айтып дал болды. Айта кету керек, полицияларға арызданған әйел жақында ғана басынан үлкен апатты өткергені анықталды.

Орын алған апаттың салдарынан ол бас жарақатын алған. Дәрігерлер апаттың салдарынан кейде көзіне елестеушіліктер көрінген әйелге үнемі қабылдап жүрсін деп қажетті дәрі-дәрмектерді де тағайындап береді.

Тағы оқыңыздар:

Тірідей өртенген Құлсары тұрғыны әлі жансақтау бөлімінде жатыр

Әйгілі тұлғалардың төлқұжаты қандай болған? (фото)

Уақытша тұрақ уақытын қысқартқан Астана əуежайына айыппұл салынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1451083-tusinde-zhigitten-zorlyq-korgen-kelin/

pixel