Әлем тарихындағы ең көрікті аруларды білесіз бе?
Жарияланған күні:
Әлем тарихындағы ең көрікті аруларды NUR.KZ порталы most-beauty.ru сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.
Нефертити
Мысырда Жаңа патшалық кезеңінен бастап 4 мыңжылдық бойы әлем тарихындағы ең сұлу арулардың бірі саналып келді. Нефертитидің есімі де "Сұлу келді" деген мағына береді екен.
Клеопатра
Антикалық дәуірдегі ең танымал патшайымдардың бірі. Клеопатраның сұлулығы бүгінгі күнге дейін түрлі туындыларда сөз етіліп келеді.
Анна Ярославна
Орта ғасырда француз королі І Генрихтің жары атанған. Анна сұлулығымен ғана емес, ерекше ақылымен де өз дәуірінде танымал болған.
Элеонора Аквитанская
Элеонора Аквитанская бастпақыда Франция королінің кейін Англия королінің жары болады. Бойжеткеннің ерекше сұлулығы Англия мен Франция арасындағы жүзжылдық соғыстың басталуына себеп болды.
Марфа Собакина
Иван Грозный екі мың үміткердің ішінен өзіне әйелдікке Марфаны таңдаған. Бойжеткеннің ерекше сұлу болғанын көре алмаған жаулары оны тойдан кейін екі апта өткенде улап өлтіреді.
Наталья Гончарова
XIX ғасырда Ресейдің танымал ақыны Пушкинді өзіне ғашық еткен ару оның өмір бойғы музасы мен сүйікті жарына айналған.
Мэрилин Монро
ХХ ғасырда Мэрилин Голливудтың ең дарынды әрі көрікті актрисасы атанған.
Брижит Бардо
Мэрилинмен бір дәуірде өмір сүрген актриса Брижит өз ғасырының ең көрікті аруларының бірі саналады.
Ингрид Бергман
"Оскардың" үш дүркін иегері атанған швед аруы Ингрид 1942 жылы "Касабланка" фильмінен кейін танымал болған.
Элизабет Тейлор
"Голливуд" патшайымы атанған британиялық актриса ерекше көрікті болғанына қарамастан, жеке өмірі сәтсіздіктерге толы болды. Ару сегіз рет тұрмысқа шыққан. Денсаулығы әлсіз актриса бар тапқан-таянғанын еміне жұмсауға мәжбүр болады.
Хеди Ламарр
Хеди көркімен, сабырлы мінезімен танымал болып қана қоймай, өнертапқыш ретінде де әлемді мойындатқан. Бүгінде GSM жүйесінің жұмыс істеуіне Хедидің еңбектері өз үлесін қосқан.
Эва Перрон
XX ғасырда өмір сүрген ару Аргентинаның белді саяси қайраткері ретінде танымал болды. Ол өз күйеуін бақытты еткен бірден бір жан.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Елімізде күн ашық болғанымен, кейбір аймақтарда жел тұрады
Франциядағы президенттік сайлауда Макрон мен Ле Пен жеңіске жетті
ШҚО-да автобустан Даниал Ахметовті көрген тұрғындар қатты таң қалды (фото)
Немересіне Құран үйреткен Түркия президенті елдің сүйіспеншілігіне бөленді (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1474599-alem-tarikhyndaghy-enh-korikti-arulardy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.