Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жердегі "тозақ": Көлдері өздігінен отқа оранатын қорқынышты мекенді білесіз бе? (фото, видео)

Опубликовано:

Үндістанда көлдері өздігінен отқа оранатын қорқынышты мекен Жердегі "тозақ" атанып кеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы tuko.co.ke сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Үндістанның Бангалор қаласы 2025 жылы ешбір тіршілік иесі тұра алмайтын қаңыраған мекенге айналады деп болжануда. Аталмыш қаланың улы қалдықтармен ластанғаны соншалық, көлдері өздігінен отқа оранып жатады.

Үндістанның ғылым институты қалдықтарды заңсыз түрде ағын суларға тастаудың зардабы орасан зор болатынын ескертуде. Бұл жергілікті тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізіп қана қоймай, көлдердің де жойылуына әкеліп соғуда.

Ғалымдар көлге күнделікті лайланған ағын судың 400-600 млн литрі ағызылатынын анықтаған. Бұл оттың тұтануына қолайлы жағдай тудырады. Көлде күнде мыңдаған балық қырылып жатады.

Кезінде "көлді қала" атанған Бангалор енді "тозақ мекені" деген қорқынышты атауға ие болды. Бұл өңірде өзен соңғы рет ақпанда лаулаған. Оның жалыны 12 сағат бойы сөнбей тұрыпты.

#WATCH: Fire rages on a patch of a lake near Dodda Basavanahalli in Hassan, Karnataka. (May 8) pic.twitter.com/u9g45HlcJ9

— ANI (@ANI_news) 9 мая 2017 г.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда үш балалы отбасы мәйітханада тұруға мәжбүр

ҰҚК шекаралық қызмет академиясынан он пистолет ұрланды

Qazaq Air әуекомпаниясы рейсін алты рет кейінге шегеріп, жолаушыларын әбігерге салды

Алматыда автобуспен соғылған "Гелендвагенді" прокуратура қызметкері жүргізгені анықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1491136-zherdegi-tozaq-kolderi-ozdiginen-otq/