10 жыл бойы шахтада ер адам болып жұмыс істеген әйел аяқ асты байып кетті (фото)
Жарияланған күні:
Шахтада 10 жыл бойы ер адам болып жұмыс істеген әйелдің өмірі адам сенбестей өзгерген. Африкалық Пили Хусейн күйеуінен қашып, танзанит тасын қазатын Килиманджаро тауына барады. Дәл осы жерде оның өмірі адам сенбестей өзгереді деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.
Пили Хусейн жолы болып кетуі мүмкін екеніне сеніп, алмаз тасынан мың есе қымбат тасты іздеуге шығады.
Әйелдерді шахта жұмысына алмайтын болғандықтан, ол ерлерше киініп, он жыл бойы әріптестерін алдаған деп хабарлайды шет елдік басылым.
Пили Танзаниде көпбалалы отбасында өскен, оның әкесі бірнеше ферма қожалығының иесі болған. Әкесінің алты әйелі, 38 баласы болған. Балаларының бәріне қарауға уақыты болмағандықтан, көпшілігі өз бетінше өскен. Пилиде сондай қыздың бірі.
"Менің әкем маған ұл сияқты қарады. Үйдегі жануарларға қарау менің жұмысым болатын. Және мен мұндай жұмысты жек көретінмін",-дейді Пили Хусейн.
Пилидің өмірі тұрмыс құрғаннан кейін адам төзгісіз болып кеткен. Ол 31 жасында өзін кешке дейін таяқтайтын күйеуінен қашып кетеді. Жұмыс іздеу барысында Танзанидегі Марани қаласына жолы түседі, бұл Африканың ең биік тауының етегіндегі — Килиманджарода орналасқан.
Әлемде сирек кездесетін күлгін-көк танзанит тасын өндіретін жалғыз орын. Пили мектепте оқымағандықтан, жұмыс табу ол үшін қиынға соғады. Кедейліктен құтылу үшін ол ерлерше киініп, шахта жұмысына түседі. Жабық кеңістік, лас тунель, жерден жүз бірнеше метр тереңдіктегі орында Пили тәулігіне 10-12 сағат жұмыс істейтін. Оның бар үміті қымбат тасты табу болған.
Жұмыс істегеніне бір жылдай уақыт болғанда, танзанит кеніне жолығады. Ол әкесі мен анасына, екі әпкесіне үй сатып әперіп, өзіне жұмыс жасайтын кеншілерді жалдайды.
Бірақ, бір ғана сәтсіздік Пилидің ер адам емес екенін ашып қойған. Жергілікті тұрғынның бірі Пилиді кеншілердің бірі зорлағандықтан, полицейлер әйелді де күдікті ретінде ұстағанын айтады. Ондағылар 10 жыл бойы әйел адаммен жұмыс істегендеріне сене алмаған.
"Ондағылар полицияның менің әйел екенімді айтқанына да сенбеді. 2001 жылы тұрмыс құрған соң ғана, қателескендерін түсінді",-дейді ол.
Пили бүгінде өте ауқатты тұрады. Бағалы тастарды өндіретін компания ашқан Пилидің қоластында 70 жұмысшысы бар. Ол 60 жиені мен немерелерінің оқу ақысын төлейді. Айтуынша, қыздарының болашақта өзі сияқты қиналмауы үшін, қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Қарағандыда 20 жастағы жігіт екі қызды қағып, біреуін мерт қылды (фото)
Қылмыскерлер 11 жастағы Өркен Азаматұлының мүрдесін бөлшектемек болған
Алматыда ер адам "Керемет" тұрғын үй кешенінің терезесінен құлап кетті
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1495779-10-zhyl-boyy-shakhtada-er-adam-bolyp-zhumys/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.