Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иттерді аяусыз өлтіріп, етін жеуден жарысатын қытайлықтар әлем жұртшылығын шошытты

Опубликовано:

Ит етін жеу конкурсына әлем жұртшылығы қанша қарсылық білдіргенмен, қытайлық Юлин фестивальінің ұйымдастырушыларына бұл ескерту әсер етпеген секілді. Өткен жылы өткізілген жаздық күн тоқырауы конкурсында қытайлықтар 10000 иттің терісін сыпырып, пісіріп жеген деп хабарлайды livejournal.com сайтына сілтеме жасап NUR.KZ. 

Ит етін жеу фестивалі Гуанси Чаунг автономды облысының жергілікті ауылдарының бірінде өтеді.

Жыл сайын жаздық күн тоқырауы кезінде жергілікті тұрғындар мен көптеген туристер ит етін жеуден жарысқа түседі.

Фестиваль қатысушыларының көптігінен қалада аяқ алып жүру мүмкін болмай кетеді. Мейрамханалар мен кафелер, шағын асханаларға адамдар сыймай жатады.

Жыл сайын тамақ үшін қытайлықтар 10 миллионға жуық иттерді өлтіреді екен. Құрбан болған жануарлардың көбі қаңғыбас иттер мен ұрланып әкелінгендер. Кейбіреулер ит асырап, сатумен айналысады. Олар көбіне Дашичанг базарында тұрады.

Онда желінетін иттердің көбі ұрланған. Үй жануарларын жемес бұрын, торда ұстайды.

Варварлық өлімге бара жатқан күшіктер адамдарға аянышты көздерімен, жалына қарап тұрады.

Адамдар иттерді союға дайындалады, ал көптеген көрермендер бұл уақытта оларды суретке түсіріп тұрады.

Кейбір иттер қытайдың әр түкпірінен жүк көлігіне тиеліп келгенше, жолай қаза болып жатады.

Мерекеге тірі келгендерін бастарынан ұрып құлатып, тамақтарынан бауыздайды, кейіннен қайнап тұрған суға салады.

Фестивальді ұйымдастырушылар аталған шараны мәдени құндылыққа жатқызады.

Қытайлықтар ит жаман пиғылдарды қуып, денсаулыққа пайда әкеледі деп сенеді.

Қытайда ит еті тағам ретінде біздің эрамызға дейін 500 жыл бұрын пайдаланылған.

Мысық еттерінің жарты келісі 3 доллардан сатылады. Тордағы мысықтардың санының көптігі соншалық, олар әрең қозғалады.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Ауқымды жөндеу жұмыстарынан кейінгі Бәйтерек қандай болады?

Қайрат Нұртастың "әйелі" отбасы туралы бар шындықты жайып салды 

Қанат Исламның кезекті қарсыласы рейтинг бойынша өзінен тоғыз саты жоғары тұр

Тікелей эфирде студияға кіріп келген ит тележүргізушіні шошытып жіберді (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1498084-itterdi-ayausyz-oltirip-et-zheuden-zhary/

pixel