Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде қатты дуаланған жігіт бойындағы қара күштен құтыла алмай, жанұшырып жүр (фото)

Опубликовано:

30 жастағы семейлік азамат осыдан 17 жыл бұрын өзіне жасалған сиқырдың арбауынан шыға алмай жүр. Бүгінде сол дұғаны оқыған балгердің өзі дүниеден өтіп кеткен деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Андрей Казановскийдің айтуынша, қазақ молдасы көзінің тірісінде әйел және еркек жындарды дұға арқылы жіберуді жақсы меңгерген екен. Бірақ ол өзіне  соншалықты қара қарғыс жаудыратындай не себеп болғанын білмей дал.

«Маған жіберілгені әйел жын екен. Өзім мен деген балгерлерді түгел араладым. Саған оқылған дұға қатты болған деп айтты. Туыстарыммен де араластырмайды. Біреумен сөйлессем болды, ортадағы қатынасымызды құлыптап қояды»,- дейді Андрей Казановский.

Кейіпкеріміз бойына қонған сандық сиқырдан жолы болмағанын алға тартты. Таңның атысы, кештің батысы меңіреу күй кешеді екен. Қызметте де, махаббатта да жолы болмаған.

«Мені сыртымнан жіберілген сиқыр бақылап отырады. Түнгі клубтарды аралап, қыздармен де танысып көрдім. Еш нәтиже жоқ. Көп ұзатпай ортамызды үзіп тастайды. Жұмысқа да орналаса алмай жүрмін. Бір жерге қызметке тұрсам болды, не жалақымды алмаймын, не қысқарып қаламын. Ең сорақысы, туыстар бір-бірімізбен араласпайтын күйге түстік. Әйел жын менен барлығын алшақта ұстайды. Өзім  түнімен ұйқы да көрмеймін. Тіпті бір жерім ауырса, маған дәрі-дәрмек те көмектеспейді»,- деді Андрей Казановский.

Андрейдің айтуынша, дұғаның қуатын қайтару үшін мұсылман дінін жетік білетін молда қажет. Оны кері қайтару екінің бірінің қолынан келмейтін тәрізді.

«Біздің Қазақстанда оны қайтаратын адам таппадым. Маған мұсылман молдасы керек. Естуімше, ондайлар Иран, Араб әмірліктері, Үндістан елдерінде бар екен. Бірақ, онда баруға қалтам көтермейді. Сыртымнан жіберілген сиқырды жою үшін жеті күн үзбей оқуы тиіс. Ал біздегілер қарғысты тек алшақтатып қана қояды. Сондықтан, бойыма қайта оралып алады», - дейді дұғаланған азамат.

Андрей Казановский мұны алғашында писихологиялық тұрғыдан туындаған қауіп деп сезінген. Сондықтан ол психологтардың да табалдырығын тоздырып үлгеріпті. Одан да еш нәтиже жоқ. Енді ол өзіне көмектесетін молданың көмегіне зәру.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанның ең көрікті тележүргізушісі кім? (фото)

Еліміздегі байдың балалары үйлену тойына тікұшақ жалдайтын болып шықты

Семейде 40 жастағы әйелдің жалғыз ұлын қайын сіңлісі тартып алған (фото)

Ұлды болуды армандаған азамат қыз туып берген тоқалын тастап кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1503287-semeyde-qatty-dualanghan-zhigit-boyynd/

pixel