Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

12 жастағы жеткіншекпен некесін қиған әйел онымен ажырасып тынды

Опубликовано:

12 жастағы жеткіншектен екі рет балалы болған 34 жастағы әйел онымен ажырасып кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Олар бір-бірін 1989 жылы жолықтырған. Ол кезде 27 жастағы төрт баланың анасы Сиэтлдағы мектепке мұғалім болып жұмысқа тұрады.

Тағы да оқыңыздар: Тараздық жігіт ата-анасының несиелерін төлеу үшін мұхит асып, АҚШ-қа кетіп қалды

Ұстазы оқушысымен жақын қарым-қатынасқа түскенде, жеткіншек небәрі 12 жаста еді. Ал Мэри Кей болса 34-ке келген. Әйелді өз оқушысы Вили Фуалауды зорлады деп айыптап, жеті жылға түрмеге отырғызады.

Түрмеде отырған Мэри жеткіншекпен некесін қиып, одан екі қызды дүниеге әкеледі. Бүкіл қоғам қарсы болған неке ұзаққа бармаған. Вили мен Мэри ажырасатын болды деп жазады Daily Mail.

Бірінші сыныпқа алғаш келгенде Вилидің әкесі түрмеде болатын. Ал анасымен Вили жаман қарым-қатынаста еді. Мұны байқаған Мэри оны өз тәрбиесіне алып, қосымша сабақтар беруге кіріседі.

Тағы да оқыңыздар: Шымкенттегі жезөкшелер ордасынан қашып шыққан бойжеткен қорқынышты жайттарды жайып салды

Ал сабақтар соңы төсек қатынасына алып барған. 1997 жылы Мэри Вилиден жүкті болып қалғанда, бәрі әшкере болады. Баласы дүниеге келгеннен кейін Мэри оқушысын зорлағанын мойындап, түрмеге отырады.

Алайда оны жақсы жағынан көрінгені үшін жарты жылдан кейін бостандыққа жіберген. Нәтижесінде Мэри оқушысын қайта тауып алып, одан екінші рет жүкті болып алады.

Осыдан кейін сот оның толық жазасын өтеуі дұрыс деген шешімге келді. Жақында Мэри некесене 12 жыл толғанын атап өткен. Ол енді ұстаздық ете алмайтындықтан, заңгердің көмекшісі болып жұмыс істейді. Вили болса, диджей болғысы келеді. Жас жігіт оны мазақ ететіндердің салдарынан мектепті тастап кеткенін жасырмайды. Тіпті бір кездері ішкілікке де салынған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1510136-12-zhastaghy-zhetkinshekpen-nekesin-qighan-34/

pixel