Нұрдан жаратылған періштелердің өз үйімізде жүретіні рас па?
Жарияланған күні:
Періштелер – нұрдан жаратылған, салмағы мен пішіні болмайды. Олар тыныштық пен махаббат орнаған отбасылардың тұрақты қонағы. Періштелерге сену – иманның бір тірегі болып табылады. Ал осы періштелердің өз үйімізде жүретін рас па? Бұл сауалдарға mazhab.kz порталы жауап береді.
Алла тағала ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) арқылы Жәбірейіл (ғ.с.), Микаил (ғ.с.), Исрафил (ғ.с.) мен Әзірейіл (ғ.с.) деген үлкен төрт періштелерден бөлек, басқа да мыңдаған періштелер бар екенін жеткізген.
Ал Алланың бұл керемет жаратылыстары махаббат, сыйластық, мейірімділік пен тазалық бар үйде өмір сүреді екен. Бірақ, ұрыс-керіс, ашу, қаталдық пен мейірімсіздік орнаған үйде тұрақтамайды. Өзімен бірге береке мен несібені алып кетеді. Мұндай үй рухани артта қалып, тұрғындары бақытсыз болады.
Үйден шығып бара жатып біз үйдің әр бұрышын мұқият тексереміз. Сол кезде періштелердің де үйімізде қалатынын есте сақтайтын болсақ, барар жерімізге алаңсыз, үйді уайымдамай барып келеміз. Яғни, үйімізді Алланың қорғауында қалдырамыз.
Үйге кірерде Алланың атын атап, үйдегі періштелермен сәлемдескен дұрыс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) солай істеген, тіпті адамдар тұрмайтын бос үйге кіргенде де, себебі онда періштелер өмір сүреді.
Періштелермен бірге өмір сүру – отбасының жылулығын сақтап, берекеде, бірлікте, бақытты өмір сүру, шынайы дұғалармен иманды күшейтіп, Аллаға шүкіршілік ету деген сөз.
Тағы оқыңыздар:
Ресейде 19 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Шардарада ұсталды
Нұрлан Албан тойға шетелден әнші шақыратындарды сынап тастады
Оралдағы жоғары оқу орнында оқитын студент қыз жатақханада асылып қалған
Еліміздің шұрық-тесік жолдарына бөлінген қыруар қаржы депутаттарды алаңдатып қойды
Ақтөбеде қыздарының шашын тақырлап тастаған әке қыздарының орамалын шешетін болды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1664234-perishtelerdinh-oz-uyimizde-zhuretin-ra/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.