Қазақстандағы халық саны қанша?
Жарияланған күні:
Жер көлемі жағынан әлем бойынша тоғызыншы орыннан табылатын Қазақстанда бүгінде 18 млн-нан астам халық тұрады. Он сегіз миллионыншы қазақстандық биыл мамыр айында Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келді.
2009 жылы жүргізілген санақ бойынша елімізде халық саны 16 млн 403 мың адамға жетті. Бұл еліміз бойынша жүргізілген соңғы санақ болып табылады. Талапқа сай Қазақстанда жаппай халық санағы әр он жылда жүргізіліп отырады.
2012 жылдың 1 қаңтарында Қазақстандағы азаматтар саны 16 млн 675 мың адамды құраған. Оның 9 млн 144 мыңы қалада тұратындар болса, 7 млн 560 мыңы ауыл халқы. 2011 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда қазақстандықтар саны 233 мың адамға өскен. Бұл бір жылда халық 1,4 пайызға артты деген сөз. Осы ретте айта кетерлігі, 2011 жылы Қазақстанда 371 мың баланың дүниеге келгені туралы ақпарат бар. Бұл 2010 жылы дүниеге келген бала санымен салыстырғанда 1,6 пайызға көбейген.
Тағы оқыңыздар: Декреттік демалысқа шығу үшін қандай құжаттар қажет?
Ал 2016 жылдың наурыз айында Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялаған мәліметте ел тұрғындарының саны 17 млн 693 мыңнан асқаны белгілі болды. Бұл өткен жылдың 1 ақпанындағы жағдай. Ал осыдан тура бір ай бұрын қазақстандықтар саны 17 млн 671 мың адам болатын. Халықтың 57 пайыз пайызы қала тұрғындары болса, қалғаны ауылды жерлерді мекен еткендер. Жалпы статистика комитеті мамандарының мәліметінше, былтыр жыл басында халық саны 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 253,6 мың адамға артыпты. Айта кетерлігі, халық өсімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы көшбасшылар қатарынан көрінген. Сонымен қатар Маңғыстау мен Алматы облыстары да халық өсімі жағынан үздік үштікке кірген. Статистика комитетінің былтыр таратқан мәліметіне сәйкес, Солтүстік өңірлерде халық керісінше, азайған көрінеді.
Естеріңізде болса, биыл мамыр айында еліміздің 18 миллионыншы тұрғыны дүниеге есігін ашты. Талдықорған қаласында туылған Муслима Саматқызын ата-анасы тек шілде айында ғана көпшілікке көрсетті.
2017 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 млн 14 мың 200 адамды құрады. Оның 57,5% пайызы, яғни, 10 млн 358 мыңы қала тұрғындары, қалғаны ауыл-аймақты мекен еткендер болып отыр. Биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығындағы қазақстандықтар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 239 200 адамға өскенін көрсетіп отыр.
Ескере кететін жайт, 1991 жылы елдегі халық саны 14 млн 300 мыңдай болған. Тәуелсіздік жылдары ішінде қазақстандықтар саны 3 млн 700 мыңнан астам адамға көбейген.
Тағы оқыңыздар: Астананың көрікті жерлері
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1689544-qazaqstandaghy-khalyq-sany-qansha/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.