Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі көріпкел: 2018 жылы екі ірі держава арасында соғыс басталады

Жарияланған күні:

Әйгілі сәуегейлер болжамынша, бірер күннен кейін есігін ашатын 2018 жыл адамзат баласы үшін ең маңызды жылдың бірі екен. Олар тіпті, әлем халқын ит жылы не күтіп тұрғанын да болжап кеткен. Осы орайда Замана басылымы француз сәуегейі Мишель Ностарадамус мен болгар көріпкелі Ванганың айтқан болжамдарын назарыңызға ұсынады.

Ностарадамустың айтқандарына сенсек, осы жылы әлемде дүлей табиғат апаттары көбейеді екен.

- Жерге алып аспан денесінің соқ­тығысу қаупі туындайды. Италияның оңтүстігендегі Везувий жанартауы атқылап, мыңдаған адамдардың өмірін қияды. АҚШ-тың батыс жағалауларында қуатты жер сілкінулері орын алады, олардың бүкіл Жер шарына әсері тиеді. Жаһандық жылынудан алапат табиғи апаттар туындайды.

- Экономикалық дағдарыс тереңдей түседі.

- Екі ірі держава арасында соғыс басталады, ол 27 жылға созылады. Ядролық лаңкестік қатері күшейеді. Әлемге 3-ші Дүниежүзілік соғыс қаупі төнеді.

- Осы жылдан бастап көп елдерде тууды жоспарлау мемлекеттік деңгейде қолға алынады. Адамдар өмірге бала әкелу үшін арнайы сертификат, рұқсат қағаздарын алуы тиіс болатын заңдар қабылданады.

- Адамдар жануар тілін түсіне бастайды. Медицина мен фармацевтика бұрын-соң­ды болмаған дәрежеде дамиды. Адамның өмір жасы 200 жасқа дейін ұзаруы басталады. Қазіргі 80 жас­тағы адамдар 50 жастағыдай көрінетін болады.

- Ұлттық тілдердің, халықтардың кейбірі жоғалады. Әлем халықтары бір тілде сөйлейтін болады.

- Бүкіл әлем елдері бо­йынша салық жүйесі жойылады-мыс.

Ал әйгілі Ванганың болжамынша, 2018-жылы әлемнің экономикалық және саяси өмірінде көптеген жаңалықтар орын алады.

- Жануарлардың гормонынан адамның өмірін ұзартатын, оны сыртқы жағымсыз әсерлерге аса төзімді ететін препарат жасап шығарылады.

- Мұнай өндіру тоқтатылады, адамзат қуаттың басқа, баламалы түрлерін көптеп пайдалана бастайды.

- Бұрын өзге елдердің табанында бол­ған бірқатар мемлекеттер енді өздері сырттан отар иелене бастайды.

- Ресей есін жиып, империя дәрежесіне жетеді. Сирия­дағы соғыс соңы 3-ші Дүние­жүзілік соғысқа ұласу қаупі күшейе түседі екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1710137-jgili-kripkel-2018-zyly-eki-iri-derzava-arasynda-sogys-bastalady/