RU

Әйелдердің өміріне ең көп қауіп төндіретін қандай жұмыс?

Бүгінде шетелден жұмысты онлайн түрде іздеу өте жақсы дамыған. Жұмыс берушілер түрлі қызықты ұсыныстар арқылы тұтынушыларды қызықтырып жатады, алайда барлығы сіз ойлағандай болмауы мүмкін. Осы орайда "Ла Страда" бағдарламасы шетелдегі адам өміріне ең көп қауіп төндіретін қызмет түрлерін анықтады деп хабарлайды tut.by сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: lady.tut.by
Көрнекі фото: lady.tut.by: UGC

Консумант (қалталы клиенттерді соңғы ақшасына дейін жұмсататын адам) – желіде консумациямен айналысуға шақыратындар өте көп, табысы да жоғары. Жұмысшының міндеті тек қана демалуға келген қонақтың жанында отырып, бірге көңіл көтеру, қажет болса бірге би билеп, ән айту.

Қонақтың жанында отырып, тапсырысты көбейту кез келген мейрамхана немесе бар үшін өте тиімді. Алайда жұмыстың қауіптілігі де осында, себебі көптеген қонақтар бірге көңіл көтергеннен соң қыздардың төсек қатынасына тартуды ойлайды.

Хостэс (қонақтарды күтіп, шығарып салушы) – жоғарғы білімді қажет етпейтін бұл қызметке орналасу үшін сырт келбеттің сымбатты болғаны да жеткілікті. Хостэс қыздардың міндеті қонақтарды күтіп алып, сұрақтарына жауап беріп, шығарып салып және ең бастысы қандай жолмен болсада келушілердің көңілін табу. Көптеген жұмыс берушілер қыздарды пайдаланып болған соң келісілген сомадағы ақшаны төлеуден бас тартады немесе жұмыстан қуып жібереді.

Түнгі клубта модель – дене бітімі мен сырт келбеті келіскен кез келген қыз істей алады. Бұндай модельдердің міндетіне түнгі клубта бар тақтайшаларының үстінде билеп, қонақтардың көңілін көтеру немесе билеу кіреді. Көптеген қыздар модельдік бизнеспен айналысу үшін шетелге барып, осындай қауіпті әрі заңсыз жұмыс орындарына тап болып жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1714873-jelderdi-mirine-e-kp-kauip-tndiretin-kandaj-zmys/