RU

Қазақстанда туып, әлемге әйгілі болған жандар туралы не білеміз? (фото, видео)

Қазақстанда туылып, ерекше дарынымен әлемді мойындатқан жандар жетерлік. Солардың ішінде ең танымал, еңбегі ерен тұлғалар туралы мәліметтерді Youtube желісіне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы назарға ұсынады.

1. Гүлжан Молдажанова - әлемдегі ең ықпалды қазақ әйелі. Ол халықаралық рейтингте АҚШ ханымы Лора Буш пен Ұлыбритания ханшайымы II Елизаветаны және бірнеше президенттерді шаң қаптырған.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Гүлжан 1966 жылдың 11 маусымында Алматыда дүниеге келген. Мамандығы - физик. 27 жасында ғылым кандидаты атанған Гүлжан Мәскеуде ғылыми жұмыстармен айналыса бастайды.

Ол бүгінде ресейлік «Базовый элемент» холдингінің бас директоры қызметін атқарады.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Батыстың басылымдары оны «әлемдегі ең қалталы азаматтардың бірі, алюминий патшасы Олег Дерипаскидің оң қолы» деп атап жүр. Әлемдік танымалдыққа ие болғанына қарамастан, Гүлжан Молдажанованы Қазақстанда білетіндер көп емес.

2. Гауһар Еркінқызы - әлемдегі ең бай әйелдердің бірі. Ол 1980 жылдың 1 ақпанында Жамбыл облысында дүниеге келген. Көпшілік оны Гога Ашкенази ретінде жақсы таниды.

Фото желіден алынды
Фото желіден алынды: UGC

2012 жылдан бері Миландағы "Vionnet" сән үйінің басшысы.

23 жасында америкалық отельер Стефан Ашкеназимен тұрмыс құрып, 2007 жылы ажырасқан. Бірақ «Ашкенази» деген тегін сақтап қалады.

Фото желіден алынды
Фото желіден алынды: UGC

Басылым беттеріндегі мәлеметтерге сүйенсек, Гога қазақстандық милиардер Тимур Құлыбаевпен жақын қарым-қатынаста болып, оған Адам және Алан есімді екі ұл сыйлаған.

3. Темір Бекмамбетов - әлемге танымал клипмейкер , продюсер, кинорежиссер. 1961 жылы 25 маусымда Атырау қаласында дүниеге келген. Ол Мәскеу Энергетика Иститутында оқығанымен, оны аяқтамай шығып кеткен. Кейін Ташкент қаласына қоныс аударады.

Ол 90-жылдары теледидар экранында алғашқы жарнамалық роликтер пайда бола бастағаннан-ақ өзін мойындатып үлгерген.

Фото желіден алынды
Фото желіден алынды: UGC

4. Қайрат Метов - өз заманындағы хит әндердің автор-орындаушысы, атақты композитор. 1964 жылы 19 қыркүйекте Қарағандыда туылған. Кейінірек Алматы қаласына көшіп, музыка мектебінде оқиды. Ол жазған әнді Филипп Киркорвтың өзі орындаған екен.

Фото желіден алынды
Фото желіден алынды: UGC

5. Марат Жыланбаев - 1963 жылы Қарқаралы ауданында туылған. Ол алыс қашықтыққа жүгіруден XX ғасырдың 90-жылдары “Гиннестің рекордтар кітабына” жеті рет тіркелген. Негізгі мамандығы – суретші.

Фото желіден алынды
Фото желіден алынды: UGC

Еуропаның ең биік шыңы – 5642 метрлік Эльбрусқа марафондық жүгіріспен 7 күнде жүгіріп шықты. 20 күнде Қарақұм шөлін, 24 күн ішінде Сахараны жүгіріп өтті. Сол жылы Австралиядағы Виктория шөлін кесіп өтіп, 1994 жылы үстінен құс ұшпайтын Мохави шөліне жорық жасап, оны сәтті аяқтады. 1992 және 1993 жылдары еліміздің таңдаулы 10 спортшыларының қатарына енді.

6. Марат Бейсенғалиев - скрипкашы. 1962 ж. Алматы қаласында туған. Аса шебер өнерлі скрипкашы өмірінің көп бөлігін Ұлыбритания мен Үндістанда өткізуде. Оның дарынын әлем халқы бағалап, орындаған әуені бірден тыңдарман жүрегіне жетеді деп мойындаған.

7. Шухрат Миталипов - 1961 жылы Алматы қаласында дүниеге келген биолог-ғалым. Бүгінде Орегон университетінің приматтарды зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері. Ол дүние жүзінде ең алғаш болып "клондау" әдісін енгізген.

Фото желіден алынды
Фото желіден алынды: UGC

Клондау дегеніміз - бiр өсiмдiк немесе тірі ағза клеткасын көшіру арқылы тұтас организмдi өсіріп шығару. Ол Паркинсон немесе Альцгеймер сияқты дегенеративтік ауру түрлерін емдеуге көмектесуі мүмкін.

8. Жәмилә Стеһликова - 1962 жылы Алматыда туылған. Чехия Республикасы Адам құқықтары және шағын ұлттар мәселесi жөнiндегi министрі қызметін атқарған.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1716379-kazakstanda-tuyp-lemge-jgili-bolgan-zandar-turaly-ne-bilemiz-foto-video/