jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Ежелгі мысырлықтар жайлы сіз білмейтін қызықтар қандай?

: UGC

Мысыр елі әлемдегі ең байырғы мәдени ошақтардың бірі. Оның кейінгі ғасырлардағы дүниежүзілік мәдениет пен өнер саласына қалдырған мұрасының теңдесі жоқ. Көптеген ғалымдар ежелгі ғасыр елін зерттеу барысын ғылыми еңбек қылып шығарып жатыр. Осы орайда Мысыр елі жайлы ел естімеген соңғы мәліметтерді назарларыңызға NUR.KZ ұсынады.

Фото: megalive.kz
Фото: megalive.kz: UGC

Ежелгі Мысыр - ерлерді алғаш сүндеттеген ел болып табылады.

Фото: megalive.kz
Фото: megalive.kz: UGC

Олар бұл әдісті есейіп келе жатқан ер баланың нағыз еркекке айналуымен сипаттаған. Бастапқыда сүндеттеуден мысыр халқы бас тартты. Алайда уақыт өте келе, оны жасаудың бірқатар оң тұстары келтіріліп наразы халық сүндеттеуді өзіндік дәстүр ретінде қабылдаған.

Фото: megalive.kz
Фото: megalive.kz: UGC

Мысырлықтар сүндеттеуді ерлердің дене тазалығына оң септігін тигізеді деп пайымдады. Сүндеттелген ерден сау ұрпақ таралады деген тұжырымды да ұстанған.

Фото: Youtube
Фото: Youtube: UGC

Бұл процедура кезінде ер балалардың жыныс мүшесінің бас жағы тастан жасалған пышақтармен кесілген. Сүндеттеуді міндетті түрде дін қызметшісі ғана жасайтын болды.

Мысырлықтардың көбісінің шашы болмаған.

Фото: Youtube
Фото: Youtube: UGC

Сүндеттеуден бөлек, мысырлықтардың шаш атаулысын жек көрген. Көптеген жазбаларда олардың шаштары ұзынша келген деген мәліметтер көп. Алайда, шын мәнісінде олар шыға қалған бір тал шаштың өзін қырқып отырған.

Фото: Youtube
Фото: Youtube: UGC

Ал қаралы күндерде, біреу қаза тапқан жағдайда оның туыстары қастарын да алып тастауды жөн көретін.

Фото: Youtube
Фото: Youtube: UGC

Ал ұзынша келген шаш ол мысырлықтар күн сәулелерінен қорғану үшін киген париктері болса керек. Таң атысы мен күн батысына дейін еңбектенген мысырлықтар бастары таз болған соң, күн өтіп кетпес үшін қолдан жасалған париктерді париктерді киіп жүретін.

Фото: Youtube
Фото: Youtube: UGC

Ежелгі мысырлықтар жайлы сіз білмейтін қызықтар қандай?

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.