Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандық азамат 200 жылан мен 15 кірпі асырап отыр (фото)

Опубликовано:

ОҚО Түркістан қаласында жылан мен кірпі асырап, шипалы ас дайындайтын азамат Замана басылымына сұхбат берген. Айтуынша, ол 200 жыланды арнайы сандықтарға салып, 15 кірпіні бөлек бөлмеде ұстайды. Асантай Арифұлы бұл кәсіпті кәрістерден үйренген екен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Замана басылымы
Фото: Замана басылымы: UGC

Бала кезінен жыланды көріп өскен құмды өлкенің тумасы кәріситердің жыланнан сорпа жасайтынын бұрыннан біледі екен. Бірақ оны салт-санамызға жат тағам деп, алғашында мән бермеген. Күндер өте Асантай Арифұлының кәріс досы оған "жылан сорпасын" қалай дайындау керектігін үйретеді.

"Бастапқыда өкпесіне, бүйрегіне қатты суық тиген адамдарға осы сорпаны дайындап беріп, ауруынан айықтырып жүрдім. Кейіннен біреуден-біреу естіп, шетелдік азаматтар да түрлі дертке шипа іздеп келе бастады. Өзім дайындаған сорпа сол аурулардың бетін қайтарған соң, бұл кәсіпке шындап кірісіп, ағзаға пайдасын зерттеп көрдім", - дейді ол.

Белгілі болғандай, "жылан сорпасын" ішкен адам бірден терлеп, ұйқысы келеді екен. Осылайша шипалы ас ағзаның иммунитетін күшейтіп, терлету арқылы зиянды қалдықтардан тазартатынын анықталған. Сондай-ақ ол жүрек-қан тамырлары ауруларынан, әйелдерге және ер-азаматтарға тән сырқаттардан, өкпенің, қуықтың қабынуы, артрит, артроз сияқты буын және жалпы ішкі ағза ауруларынан айығуға көмектеседі. Емге жыланның көлбар деп аталатын түрі қолданылатын көрінеді.

Фото: Замана басылымы
Фото: Замана басылымы: UGC

Ал кірпі сорпасы өтте, бүйректе, қуықта тас, құм, тұз бар адамдарға пайдалы. Оған кірпінің ауғандық деген түрі қолданылады екен.

"Жыланды аптасына бір рет азықтандырсақ жетеді. Ал тауық, тышқан, кесіртке, жылан жейтін, етқұмар кірпіні асырау жыланға қарағанда қиындау. Ал ем үшін жылан етімен қоректенген кірпі керек.

Біздің өңірде жыланның түр-түрі көп. Кейде көршілер үйге жылан кіріп кетті деп көмекке шақырады. Оларды ұстап алып, кірпілеріме беремін. Олар әсіресе кобраны, қара бас, құйрығын тақылдата айбат шегетін тақылдақ және шахматты жыланды жақсы көреді. Бұзаубас, кесірткені де жейді.

Бір қызығы, менің итім де жылан жейді. Оны біз үйреткен жоқпыз. "Ит иесіне тартады" деген осы екен-ау", – деп күлді азамат.

Дертке дауа іздеген жандар болса, Асантай Закировтың байланыс телефондары: 8-777-917-97-10, 8-771-795-50-54

.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1728669-trkistandyk-azamat-200-zylan-men-15-kirpi-asyrap-otyr-foto/

pixel