Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қара нәсілді болуды қалаған аққұба қыз адам шошырлық күйге түсті

Жарияланған күні:

Германиядағы Трир қаласының 29 жастағы тұрғыны өзін өмір бойы қара нәсілді адам ретінде сезініп келді. Дүниеге аққұба болып келген әйел африкалықтарға қатты ұқсағысы келгені соншалық, тіпті терісінің түсін өзгертуден тайынбаған деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Мартина Биг ұзақ жылдар бойы армандаған отасын бір жыл бұрын істеп, бар болғаны бірер сағат ішінде қара нәсілді ару болып шыға келді. Ол африкалықтарға ұқсау үшін меланин инъекциясын бірнеше мәрте жасатып терісін басқа түске ауыстырған.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Бір жыл бойы қара нәсілді адам кейпінде өмір сүрген 29 жастағы әйел бұл ота әсерінен тек сырт келбеті ғана емес, ішкі жан дүниесі де үлкен өзгеріске ұшырағанын айтты.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Мартина кішкентай кезінен бастап африкалықтарға қатты қызуғышылық білдірген. Өсе келе бұл қызығушылығы үлкен мақсатқа ұласса керек.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Африка мәдениетіне тереңінен үңіліп кеткен ару өміріндегі маңызды шешімді қабылдап, қара нәсілді болуы керектігіне көзі әбден жетті.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Африкалық кейпін жандандыру үшін Мартина шамамен 70 мың доллар қаржысын пластикалық оталарға жұмсады. Мұнысымен тоқтағысы келмейтін де сыңайлы. Оның ендігі мақсаты африкалық бейнесін одан бетер түрлендіру мақсатында ерні мен мұрнына күрделі ота жасау.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Жақын арада Мартина Африка елдеріне саяхаттап барып, аңсаған елдімекенін өз көзімен көріп қайтты. Бұл өңірде әйел өз үйіндегідей әсер алғанын жасырмай айтты.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Мартинаның бұл өзгерісін көбі түсінбегенімен, сүйіктісі үлкен қолдау білдірген. Оның айтуынша, Мартина келбетін ауыстыру арқылы өз ішкі дүниесіне де елеулі өзгеріс әкелген.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1731249-kara-nsildi-boludy-kalagan-akkba-kyz-adam-sosyrlyk-kjge-tsti/