Жас жігіттей көрінетін 68 жастағы қария сымбатымен талайды тамсандарды
Жарияланған күні:
Қытайдағы Шанхай қаласының тұрғыны өзінің үнемі жас болып көрінуімен көпшілікті таңғалдырды. Сұлулық байқауына қатысқан 68 жастағы қария өзінің 20 жастағы қарсыластарынан озып түсіп, мемлекеттің ең сымбатты ері атағына ие болған деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Үнемі жас болып көріну үшін қомақты қаражатын болуы шарт емес. Қыруар ақша төкпей-ақ қартаймай, өз қалпын сақтауға болатынын қытайлық ер азазмат Ха Хай дәлелдеді.
68 жастағы ер адамға көпшіліктің бәрі жоқ дегенде 25 жас беріп, оның шынайы жасын білгенде таңданысын жасыра алмай жатады.
Ха Хай 2016 жылы Қытайдағы ең сұлу ата деген мәртебені теленді. Алайда, ол шын мәнісінде әзірге ата бола қойған жоқ. Оның 37 жастағы қызы оған әлі немере сыйламаған.
Ер адам өзінің жас көріну себебін күнделікті йога мен түрлі физикалық жаттығулардың нәтижесі деп түсіндіреді. Мәселен, басымен төмен салбырап тұру оның бетіне әжімдер шықпауына септігін тигізсе керек.
Ха Хайдың биологиялық жасы 68, психологиялық жасы 20 жаста болса, физикалық жас мөлшері 43-ті құраған. Ол бұл тұрғыда психологиялық жас маңыздылығын ерекше атап өтті.
"Қашанда болмасын психологиялық жағдай ерекше әрі маңызды. Өйткені, адам неғұрлым өзін рухани жағынан жақсы сезінсе, соғұрлым жас көрінеді", -дейді 68 жастағы қария.
Оның ойынша, жақсы көңіл-күй мен дұрыс ойлау қабілеті адам жүйке жүйесінің жұмысын жеңілдетеді. Соған орай, адам жасушаларының да қартаю үрдісі бісеңдей түседі дейді Ха Хай.
"Жасару синдикаты психологиямен тығыз байланысты. Бұл қартаймаудың нағыз оңтайлы әдісі", - деп айтты ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1733041-zas-zigittej-krinetin-68-zastagy-karia-symbatymen-talajdy-tamsandardy/