Қытайдағы жантүршігерлік той дәстүрлері көпшілікті шошытты (фото, видео)
Жарияланған күні:
Әр елдің өзіне тән ерекше салт-дәстүрлері бар. Тіпті кейбір кездері олар шектен тыс шығып та жатады. Бұл тұрғыда, қытайлықтар өздерінің жантүршігерлік салттарымен той мәдениетінің шырқын бұзудан бірінші орынды алуы тиіс деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Facebook желісіне арнайы қытайлық дәстүр кезінен түсірілген видео жүктеліп, ғаламтор кеңістігінде шу туғызды. Бейнежазбада үй есігінен түк қалдырмаған бір топ ер адам, оны қиратуға кіріскен.
Бұл дәстүр бойынша, ер азамат өз қалыңдығына үйленбес бұрын оның үйінің есігін сындыра ашуы тиіс. Бұл әрекетті іске асыруға күйеужігіттің достары көмектеседі. Алайда, қытайлық дәстүрдің соңы көп жағдайда сәтсіз аяқталып жатады.
Ер жігіттердің әрекеттірнен қалындық құрбылары жапа шегіп, түрлі жарақат алып қалған.
Қытайлық ер азаматтар дәстүрді сәтті аяқтап, қалындыққа қол жеткізу үшін есікті қосымша заттармен қиратпақ болды.
Қытай халқының той тойлау қызықтары мұнымен тәмам емес. Олар түрлі ауыр ойындарды ойнап, өздерін қатты жарақаттап жататын кездер көптеп кездеседі.
Cонымен қатар, оларда болашақ күйеу баланы әбден қинау салты кең қатан жайған. Мәселен мына төмендегі видеода, ер адамның артына жарылғыш зат орнатылған.
Қытайлық күйеужігіттер үйленер алдында сансыз қорлық шараларын бастарынан өткереді. Оны әдетте қыздың әкесі мен бауырлары ұйымдастырады.
Осылайша өздерінің ерекше тойлау дәстүрі бойынша қытай халқы басқа елдерден басып озып, адам баласы сенбес оқыс оқиғаларға жақын жүретіні байқалады. Қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан жылына он шақты адам өз тойында көз жұмып жатады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1733101-kytajdagy-zantrsigerlik-toj-dstrleri-kpsilikti-sosytty-foto-video/