Аралас некеден туылған балалар ерекше сұлулығымен көпшілікті тамсандырды
Жарияланған күні:
Танымал фотограф Наира Оганесян түрлі ұлттардың араласуы нәтижесінде қандай сұлу балалар туылатынын өзінің жаңа фото жобасы жүзінде көрсетті. Ол аралас некеде туылған балалардың қайталанбас әдемілік ерекшеліктеріне екпін түсіріп, оны желі қолданушыларының назарына ұсынған деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Наира баяғыдан бері аралас қандылар фотосетін жасауды ойластырып жүрген.
"Түрлі ұлт өкілдерінен туылған балалар расымен басқа бүлдіршіндерден бір табиғи өзгешелігі бар. Олардың сұлулығы өз алдына бір бөлек әлем. Ұзақ ойланып жүріп бұл фотосессияны іске асыруға шешім қабылдадым. Ал енді аралас қанды балаларды іздестіргенімде маған 200-дей ата-ана хабарласты. Мен қатты таңғалдым", - деп айтты фотограф.
Балаларды іріктей бойжеткен үшін қиынға соққан. Оған салсаң бәрін қатыстырғысы келген. Алайда, суретке түсіру оңай дүние емес, көп уақытты қажет етеді.
Наира Оганесян өзінің фото жобасын "Аралас қан сұлулуығы" деп атаған. Ерекше фотосессияға 6-9 жас аралығындағы балақайлар қатысты.
Майя 5 жаста, әкесі - орыс, анасы - армян.
Даниель алты жарым жаста. Әкесі - нигериялық, анасы - орыс.
Лукьян 5 жаста, әкесі - украни/орыс, анасы - түркмен/татар.
Ксения тоғыз жаста, әкесі - неміс еврейі, анасы - орыс/татар.
Анна сегіз жаста, әкесі - армян, анасы - орыс.
Алиса 5 жаста, әкесі - орыс, анасы - өзбек/татар.
Доминик 6 жаста, әкесі - грузин/татар, анасы - осетин.
Элиза - жаста, әкесі - армян/грузин, анасы - орыс.
Даниил 7 жаста, әкесі - татар, анасы - грузин.
Сальма төрт жарым жаста, әкесі - өзбек, анасы - армян.
Лукас бес жаста, әкесі - бельгиялық, анасы - орыс.
Ева бес жаста, әкесі - кореялық, анасы - орыс/украин/еврей.
Тимур 7 жаста, әкесі - әзірбайжан, анасы - орыс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1735309-aralas-nekeden-tuylgan-balalar-erekse-slulygymen-kpsilikti-tamsandyrdy/