Ерте қартайып кеткен балақайлардың өмірі туралы не білеміз?
Жарияланған күні:
Әлемде түрлі физикалық ерекшеліктері бар балалардың саны жетерліктей көп. Олар өздерінің туа біткен ерекшеліктеріне орай өзгелерге мүлде ұқсамайтын болып келеді. Балақайлардың әрқайсысының тек өзіне ғана тән хикаясы да бар деп жазады NUR.KZ.
Басқалардан ерекше болып туылған балалар көпшілік арасында өздерін барынша еркін ұстауға тырысады. Көпшіліктің оларға көрсеткен қолдауларына қарамастан, балақайлардың көрген қиындықтары тек бір өздеріне ғана аян.
Олар қарапайым балалар сияқты өмір сүргісі келгенімен өздерінің басқалардан ерекшеленіп тұратынынын да жақсы түсінеді.
Осыған орай, физикалық ақаулары бар балалардың хикаясымен оқырмандармен бөлісуді жөн көрдік.
Германиядағы "түймеқыз"
2016 жылы Германияда алақанға сиярлықтай кішкентай қыз бдүниеге келді. Оның салмағы небәрі 226 грамм болды. Көптеге дәрігерлер оны ұзақ өмір сүрмейді дегеніне қарамастан, тоғыз айлығында оның салмағы үш келіні құрады.
Үндістандағы "кәрі балалар"
Бұл елде туылған ерекше балаалр прогерия ауруына шалдыққан. Оның салдарынан балақайлардың көздері ісіп, бет терісі салбырап қалады. Кішкентай кезінен бастап-ақ кәрі болып көрінетін балалар өз құрдастарының арасында ерекшеленіп тұрады.
Үндістандағы ең кішкентай әйел
Джиоте Амгэнің бойы үш айлық баланікіндей 62 сантиметрді құрайды. Ол Гиннес рекордтар кітабына екі мәрте енген. Бірінші рет ең кішкентай жасөспірім болып кірсе, кәмелетке толған соң "ең кішкентай әйел" болып тіркелген.
Ең бойы ұзын қыз
Әлемдегі ең ұзын бойлы қыз Англияда өмір сүреді. 12 жасар Софидің бойы 189 сантиметрді құраған. Бойының ұзын болуы ата-анасына байланысты емес. Софи Марфан синдромына шалдыққандықтан құрдастарынан әлдеқайда ұзын болып кеткен.
Ең семіз бала
Дүниежүзі бойынша ең семіз бала болып индонезиялық Арья Перман болды. Он жасында оның салмағы 192 келіні құрады. Балақай ешқандай ауруға шалдықпаған. Оның мәселесі тамақты көп жеуге байланысты орын алған.
Ең мықты бала
Гиннес рекордтар кітабы бойынша ең мықты бала болып Джулиано Строе танылды. Бала кезінен бастап спортпен шұғылданған бүлдіршін Арнольд Шварцнегердің кішкентай нұсқасы іспетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1745172-erte-kartajyp-ketken-balakajlardy-miri-turaly-ne-bilemiz/