200 келі салмақ тастаған ару өзі армандаған сұлу жігітпен бас қосты
Жарияланған күні:
34 жастағы америкалық Никки Вебстсер өзінің тамаққа тәуелді болып қалғанын жасырмайды. Бала кезінде салмағы 75 келі болған ару кейінірек 275 келіге жеткенде ғана өз өмірінің қыл үстінде тұрғанын түсініпті деп жазады 999stories.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Никки өз тәбетін тоқтатуға қатты қиналған екен. Оның ешқандай диета ұстайтын ойы да болмапты.
Ару тек тәтті мен калориясы көп тағамдарды жеуді ұнатыпты.
Күндердің күнінде артық салмақ Вебстердің өмірін тозаққа айналдырып жіберген.
Уақыт өте ол өздігінен төсектен тұра алмай, тіпті, аяқ басып жүре алмай қалыпты. Осылайша, бойжеткен ата-анасының үйіне көшіп баруға мәжбүр болған екен.
"Өз денем өзіме ауырлық етті. Мен отырсам да, жатсам да ауыратын болды. Тез шаршаймын. Бірақ, жеуді тоқтата алмаймын. Мен салмағымның мені өлтіріп жатқанын білемін. Ал туған әпкем Кортни балаларына менімен кездесуге мүмкіндік бермейді. Ол менің ұсқынсыз түрім балалардың психикасын бұзады деп ойлайды",- деді Никки.
Вебстердің өміріндегі өзгеріс оны "Менің салмағым 300 келі" телешоуына шақырған кезде басталады.
Ол асқазанының бір бөлігін кесіп тастайтын ота жасатуға бел буады. Осылайша, әкесімен бірге Арканзастан Техастағы дәрігерге аттанады.
Кеңес берген дәрігер Никкидің өзі 20 келі салмақ тастау керек екенін, сонда ғана ақ халаттылар көмектесе алатынын айтқан.
Бұдан кейін бойжеткен үш ай бойы диета ұстап, отаға дайын болыпты.
Ота жасатқан соң бір жылдың ішінде Вебстер 90 келі салмақ тастаған. Осы уақыт аралығында ол психологпен сұхбаттасып, діттеген мақсатына жетуді көздеген.
Мұнымен оның жетістігі аяқтала қоймапты.
Никки 160 келі тастаған соң, дәрігерлер артық терісін алып тастайтын ота жасауға келісім беріпті. Осылайша, ару тағы да 25 келі салмақ тастаған екен.
Қазір Никки Вебстердің салмағы 90 келі. Жақында оған Маркус есімді азамат сезімін білдіріп, екеуі бас қосқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1758559-200-keli-salmak-tastagan-aru-zi-armandagan-slu-zigitpen-bas-kosty/