Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

44 бала туған әйел жұртты таңғалдырды

Опубликовано:

Мариам Набатанцы
Фото: UGC

Африканың угандалық тұрғыны Мариам Набатанцы әлемдегі алтын құрсақты ана саналады. 39 жастағы әйел күйеуінен 44 бала туған деп хабарлайды mama-likes.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өмірге 44 баланы аман-есен алып келгенімен, бүгінде оның 38-і ғана тірі қалған.

Фото:lilu4you.ru
Фото:lilu4you.ru: UGC

Мариамды әкесі мен өгей анасы 13 жасында тұрмысқа беріп жіберген. Ал жұбайы өзінен 27 жас үлкен екен.

"Ол кезде мен сезім мен махаббаттың не екенін қайдан білейін. Әке-шешем мені сатып, байып қалды. Ал күйеуімді тойдан кейін бір-ақ көрдім. Ол кезде менің ойым ешкімді қызықтырмады", - деп өткенін еске алды Мариам.

Аяғы ауыр болғандықтан, күйеуінен қорлық көрсе де кете алмаған.

Фото:lilu4you.ru
Фото:lilu4you.ru: UGC

Мариам алғашқы егіздерін тойдан бір жыл өткен соң босанған.

Фото:lilu4you.ru
Фото:lilu4you.ru: UGC

Содан кейін төрт рет төртемнен, алты рет егізден, төрт рет үшемді дүниеге алып келген. Ал қалған сәбилерді біреуден босаныпты.

Фото:lilu4you.ru
Фото:lilu4you.ru: UGC

Күйеуімен 26 жыл отасқан Мариам Набатанцыдың бүгінде 10 қызы мен 28 ұлы бар.

Фото:lilu4you.ru
Фото:lilu4you.ru: UGC

Ол қазір балаларын жалғыз асырап отыр. Өткен жылы көпбалалы әке отбасын тастап кетіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1759058-44-bala-tugan-jel-zrtty-tagaldyrdy/

pixel