Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзіне қол жұмсап, өмірімен қош айтысқан модельдерді білесіз бе?

Жарияланған күні:

Соңғы сән үлгілерін әлемге паш етіп, журнал мұқабасына түсетін модель қыздар мен жігіттер күйзелістерге бейім келеді. Көпшілігі танымалдылықтың ауыр жүгін еңсере алмай, өмірлерімен қош айтысып жатады. bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ өздеріне қол жұмсаған модельдерді ұсынады.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

Рауда Атиф

2017 жылдың 31 наурызда өзіне қол жұмсаған.

woman.ru
Фото: woman.ru: Facebook

Сән саласында "ең әдемі көздердің" иесі атанған арудың мәйіті студенттер жатақханасындағы бөлмесінен табылған.

Бойжеткенді өмірімен қош айтысуға не итермелегені әлі күнге дейін жұмбақ.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

Ресми тергеудің нәтижелеріне қарамастан, 21 жастағы модельдің әкесі қызын өлтіріп кеткен деп ойлайды екен.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

Вивека Бабаджи

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

Үндістандық сән әлемінің жұлдызы 2010 жылдың 25 маусымында өзіне қол жұмсаған.

Модель, болливуд актрисасы Вивека Бабаджи Мумбаидағы пәтерінде өлі күйінде табылыпты.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

Модельдің жеке күнделігіндегі жазбалар мен отбасы мүшелерінің жауаптары қайғылы жағдайдың орын алуына бақытсыз махаббат себеп болғанын дәлелдейді.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

Бойжеткеннің күнделігіндегі соңғы жазбада: "Гаутам, сен мені өлтірдің..." деп жазылған.

Том Никон

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

2010 жылдың 18 маусымында қайтыс болған. Томмен болған жағдай әлеуметтік желіде көп талқыланды.

Бозбала Миландағы сән апталығына санаулы күн қалғанда өзіне қол жұмсаған.

Сән апталығында ол Versace, Giorgio Armani және басқа брендтердің киімдерін көрсетуге тиіс болған.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

22 жастағы бозбаланың өзіне қол жұмсауына жеке басының мәселелері себеп болған деген болжам бар. Өзіне қол жұмсамай тұрып, жігіт қызымен айырылысқан екен.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

Том Никон GQ мен Vogue журналдарына түскен, Донателла Версаче мен Louis Vuitton-ның ерлер киіміне жауапты Ким Джонстың сүйікті моделі, Burberry сән үйінің жүзі болған.

Дол Ким

2009 жылы 19 қараша күні көз жұмған.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

Модельдік мансабын 13 жасынан бастаған бойжеткен 20 жасқа жеткенде созылмалы күйзелістен, эмоционалды тұрақсыздықтанн және ұйқысыздықтан жапа шеккен.

Өзіне қол жұмсамас бұрын Дол жақын құрбысына хабарласып, қиналып жүргенін, ары қарай қалай өмір сүретінін білмейтінін хабарлапты.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook
Дол Кимді "Азиялық Кейт Мосс" деп атаған. Оның мансабы да британдық модельдікі сияқты тым жылдам басталған.

Кейбір табынушылары бойжеткеннің өміріне есімі әсер етті деп ойлайды. Оның есімінің аудармасы "көп қайғы" мағынасын береді екен.

Люси Гордон

Қайтыс болған күні - 20 мамыр, 2009 жыл.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

Өзіне қол жұмсауының ресми себебі - жақын досының өзіне қол жұмсауы болған деп жарияланыпты.

90-шы жылдардың соңында және 2000 жылдардың басында Люси Гордон көптеген жарнамаларға түсіп, дизайнерлермен жұмыс істеген. Дизайнерлер оның сол кездердегі сән талаптарына сай келетін келбетін ұнататын.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

Люси кино саласында да сұранысқа ие болған. Бойжеткен "Өрмекші адам-3: кескіндегі бейне", "Орыс қуыршақтары", "Төрт қауырсын" фильмдеріне түскен, ал соңғы жұмысы "Генсбур. Бұзақының махаббаты" автобиографиялық драмасында Джейн Биркин рөлі болған.

Руслана Коршунова

2008 жылдың 28 маусымында қайтыс болған.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

Руслана Коршунованың қайғылы оқиғасын барша жұрт біледі. 21 жасқа толуына санаулы күн қалғанда бойжеткен Манхэттондағы тоғызыншы қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап кеткен.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

Руслананың достары мен табынушыларын сол күні ол өзіне қол жұмсады ма, әлде қылмыс орын алды ма деген сұрақ мазалайды.

Қыздың жақындарының айтуынша, оқиғадан бұрын бойжеткен Париждегі көрсетілімге қатысып келген. Руслана бақытты көрінген екен.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook
Руслананың танымал болуына - ең атақты компания Nina Ricci-дің Nina хош иісінің жарнамасына түсуі себеп болған.

Бойжеткен тұлғалық даму тренингіне қатысқаннан кейін өзіне қол жұмсаған деген болжам бар.

Хэйли Мэри Кол

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

2008 жылдың 11 қарашада қайтыс болған. Хэйлиді әлемге танылған деп айтуға болмайды. Бірақ 2000 жылдары ол сұранысқа ие модель болған.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

Хэйли Мэри Колдың өзіне не себепті қол жұмсағаны белгісіз. Ол журналдың мұқабасына түсіп, сән көрсетіліміне қатысқан. Сондай-ақ, қайғылы оқиғадан бірнеше ай бұрын Миланға көшіп барыпты.

Ол жақта бойжеткен модельдік агенттігімен өте тиімді келісімшартқа қол қойған.

Наташа Дункан

2001 жылдың 23 шілдесінде көз жұмған.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

Алғашқы plus-size модельдерінің бірі Наташа Дункан психологиялық ауытқулардан және эмоционалды тұрақсыздықтан жапа шеккен. Бойжеткеннің денесін өзімен бірге тұратын қыз анықтаған.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

Марқұмның інісі Наташа өлмей тұрып жігітімен қиындықтар туындағанын айтқан екен.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

Марго Хэмингуэй

1996 жылы 1 шілдеде өзіне қол жұмсаған.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

70-90 жылдардың танымал моделі және жазушы Эрнест Хэмингуэйдің немересі атасы өмірімен қош айтысқан күннен бір күн бұрын өз өміріне балта шапқан.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

Маргоның мансабы оның ұзын бойының және әсерлі келбетінің арқасында сәтті басталған. Қалың, жалпақ қастары Хэмингуэйдің басты мақтанышы болған.

Сұранысқа ие болған қыз модельдік бизнестің барлық қиындықтарын көрген. Әртүрлі диеталар мен жаттығулармен өзін қинап, ақырында тәбетсіздік пен мешкейлікке шалдығып, ішімдік пен тыйым салынған дәрілерге құмартқан.

woman.ru
Фото:woman.ru: Facebook

Марго бірінші болып сол кездер үшін қомақты ақша 1 миллион доллар тапқан.

1975 жылы Time журналы бойжеткеннің суретін мұқабасына жариялап: "Ұрпақ жүзі және Американың ең қалаулы моделі" деп атаған.

Сән саласын бағындырған Марго Хэмингуэй кино әлемінің жұлдызына айналмақ болыпты. Алайда оның қатысуымен жарық көрген бірнеше туындыны сыншылар қатты сынға алған.

Осы саладағы сәтсіздіктер, денсаулығының нашарлауы және екі сәтсіз неке модельдің психологиялық жағдайына әсер етіп, өзіне қол жұмсауына себеп болған.

Дин Барт Петитклерк Марго жайында былай деген: "Ол рухтардың қайта жанданатынына ешқашан сенбейтін. Бірақ Африка шалғындарында Маргоның көздері мен жүрегі бар гепардтың жүргеніне сенімдімін".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1765504-zine-kol-zmsap-mirimen-kos-ajtyskan-modelderdi-bilesiz-be/