jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Түймеқыздың хикаясы": Ергежейлі қалыңдықтың арманы қалай орындалды?

: Facebook

Әрбір бойжеткен әдемі неке көйлегін армандайды. Алайда бойың қалыпты адамнан өзгеше болса, қиындықтар туындауы әбден мүмкін. 21 жастағы Даниэль Гриффин-Фейр дизайнер Дэвид Эмануэльдің арқасында арманындағы неке көйлегіне қол жеткізді. Бұл туралы bigpicture сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

bigpicture.ru
Фото:bigpicture.ru: Facebook

Даниэльдің сөзінше, шоппинг ол үшін нағыз сынақ екен.

Неке көйлегін таңдау үшін 21 жастағы бойжеткен TLC арнасындағы "Армандағы неке көйлек" бағдарламасына қатысқан.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Даниэль үйлену тойы кезінде нағыз ханшайым болуды қалады.

Ол жігітімен 12 жасында танысқан. Жігіт ол кезде 14 жаста болыпты.

bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook
"Мектептен кейін ол мені велосипедпен немесе скутермен әкеліп тастайтын. Мүгедектер орындығына отырғым келмейтін. Оның арқасында өмірім мәнді болды", - деді Даниэль.

Даниэль псевдоахондроплазияға шалдыққан. Мұндай ауруға шалдыққан балалар кәдімгі балалар сияқты туылады, сүйек жүйесінің алғашқы ауытқулары екі-үш жаста ғана байқала бастайды.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Қалыңдықтың бойы бір метр.

"Неке тұғырына өзім барғым келеді, сондықтан көйлегім әдемі болу керек", - деді бойжеткен.

Нағыз ханшайымдарға арналған көйлек тапқанда, қуаныштан Даниэльдің төбесі көкке жеткендей болған.

Өзін айнадан көрген кезде ол көз жасына ерік берген.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook
"Бұл есейгенімнің белгісі. Бойым кішкене болғандықтан адамдардың көбі мені бала көреді. Көйлекті кигенде ересек әйел болып көрінетініме сенімдімін", - деді бақытты қалыңдық.
Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Көйлек таңдалғаннан кейін тағы бір қиындық туындапты. Көйлектің бағасы 2853 фунтты құраған, ал Даниэль 2500 фунтқа аламын деп жоспарлаған.

Алайда қалыңдықтың анасы жетпеген ақша сомасын өз қалтасынан төлеп берді.

"Ақша маңызды емес. Қызым бақытты болса болды", - дейді Даниэльдің анасы.
Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

"Түймеқыздың хикаясы": Ергежейлі қалыңдықтың арманы қалай орындалды?

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.