Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байлығы тасыған арабтардың сіз білмейтін ерекшеліктері қандай?

Опубликовано:

Араб әмірлігінде әлемнің ең бай адамдары тұратыны ешкім үшін де құпия емес. Бұл елде бес миллион тұрғынның ішінде 60 мың миллионер бар. Бес ғасыр бұрын шөлдала болған аумақ үшін бұл үлкен көрсеткіш екені анық. Бұрындары ешкім танып-білмеген мемлекет бүгінде көпшілік арман ететін ғажайып мекенге айналған деп жазады yandex.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: yandex.ru
Фото: yandex.ru: Facebook

Еліне әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылатын арабтардың өмір сүру салтында еш жерде қайталанбас өзіндік ерекшеліктер бар.

Мәселен, миллионерлерге лық толы елде бай-бағландар өзінің қарапайымдылығы мен зиялылығымен таңғалдырады.

Ауқатты отбасыдан шыққан балалардың түнгі клубта көңіл көтеріп жүргенін бұл мемлекетте мүлде көрмейсің. Оған қоса, әмірлікте беделді отбасылардың өмірі жайлы акпарат таратуға қатаң түрде тыйым салынған.

Мәселен БАӘ-де мына нәсерлерді жасауға болмайды:

  • - далада қоқыс тастау,
  • - араб қыздарын және мемлекеттік ғимараттарды суретке түсіруге,
  • - ішімдікті тасымалдау, көшеде ішуге.

Сонымен қатар елде Рамазан айы кезінде туристерге далада тамақ, су ішуге тыйым салынған. Бұл ораза тұтқан жергілікті тұрғындарға ыңғайсыздық әкелмеу үшін жасалған.

Фото: dubai-info
Фото: dubai-info: Twitter

Сондай-ақ, БАӘ-де қоғамдық көлікте әйелдер мен ер адамдар бөлек қатынайды. Метрода тіпті әйелдерге ғана арналған арнайы вагон бар. Онда азаматтарға кіруге қатаң түрде тыйым салынған.

Соңғы уақытта ашық киінетін еуропалық турист қыздарға жергілікті халық жұмсақтық танытауда.

Бұған дейін, орталыққа қысқа киіммен келген қыздарға айыппұл салынатын еді. Ал жергілікті қыз-келіншектер барынша жабық, паранжа киюге міндетті.

Фото: dubai-info
Фото: dubai-info: Twitter

Бағалы заттардың ішінде арабтар алтынды қатты жақсы көретін болып шықты. Себебі, жылына бір адамға шаққанда 40 грамм алтын сатып алынады екен. Егер ер адам отбасын құрмақ болса, ол сүйіктісіне бір ғана жүзік беріп құтыла алмайды. Ол қалыңдығына бес келі алтын беруге міндетті.

Фото: yandex.ru
Фото: yandex.ru: Twitter

Заманауи отбасыларда әркім өмірлік жарын өзі таңдап, бақытты болуға құқығы бар. Бірақ, дегенмен қыздарға күйеуді көп жағдайда ата-анасы таңдап береді. Бұл кәсіптерін дамытып, отбасылық табысты ұлғайту мақсатында.

Егер бойжеткеннің отбасыдан тыс қарым-қатынаста екені әшкереленсе, оған не айыппұл салынады, не түрмеге тоғытып жатады.

Ал ер азаматтар бірнеше әйел алуға толықтай құқылы. Алайда, бұл аса шығынды дүние болғандықтан көптің қолынан келе бермейді.

Фото: dubai-info
Фото: dubai-info: Facebook

Айта кетейік, БАӘ-де жас жұбайлар мемлекеттен той күні тоғыз мың доллар, отбасыда ұл бала дүниеге келсе 50 мың доллар алады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1785359-bajlygy-tasygan-arabtardy-siz-bilmejtin-erekselikteri-kandaj/

pixel