Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде жеміс-жидек көру нені білдіреді

Опубликовано:

алма
Түсіңізде жеміс-жидек көру нені білдіреді?: pixabay.com

Жеміс-жидек - жақсылықтың нышаны. Осы орайда бүгінгі материалда түсіңізде жеміс-жидек, оның ішінде алма көру нені білдіреді деген сауалға жауап іздейміз. Түсіңізде жеміс-жидек көру нақты нені білдіретінін анықтау үшін жемістің сыртқы пішініне, жағдайына көбірек назар аударыңыз деп хабарлайды sonnik-enigma.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Түсіңізде жеміс-жидек көру - сәттілік пен табыстың белгісі

Түсінде жеміс көрген адам өзіне қажеттіні алады, дегеніне жетеді деген сөз.

Бұл символды көрген байлар мен кедейлер өзінің материалдық жағдайын жақсарта алады.
  • Сары түсті жемістер - ауру адамның жуырда аяғына тік тұрып кететінінен хабар береді.
  • Екінші жартысы жоқтар жуық арада сүйгендерін кезіктіріп, баласы жоқтар балалы болады деген сөз.
  • Бақшада өсіп тұрған жемістер жылдар бойы жақсылық пен сәттіліктің сізге серік болатынын айтады.

Сонымен қатар, бұл ғашықтардың арасында романтикалық кезеңнің шарықтайтынын білдіреді екен.

  • Піскен жеміс-жидектер жақсылықтың нышаны.

Бірақ, сырты бүтін, іші құрттаған жемістерді көрген адам сақ болуы керек. Ол адамның өңінде тығырыққа тіреліп, қиындыққа тап болатынын білдіреді.

Сонымен бірге түсте алма кіруге байланысты түрлі түс жорушылар өз болжамдарын айтып кеткен. Осыған орай назарларыңызға түске алма кіргенге қатысты жорамалдарды ұсынамыз.

Фрейдтің түс жорамалы

Фрейдтің түс жорамалына сәйкес, алма серігіңізбен қарым-қатынас деген мағынаны білдіреді. Нақтырақ айтсақ:

  • Түсіңізде алма жеу өзіңізге ұнайтын адамға жақындау деген мағынаны білдіреді.
  • Ал түсіңізде көп алма көру – онда өмірлік серігіңізді бірнеше адамның ішінен таңдайсыз деген сөз.
  • Егер түсіңізде кірген алмада құрт жүрсе, онда екінші жартыңыз сіздің көзіңізге шөп салады деген сөз және ол серігіңіздің жұмысты сылтауратып, сізге көңіл бөлмеуі салдарынан орын алуы мүмкін.
  • Алма ағашын сілкілеп, одан түскен алманы жинау – ол жұбыңыз сізден басқа да адаммен жыныстық қатынасқа түскісі келеді деген мағынаны білдіреді.

Ванганың түс жорамалы

Ванганың түс жорамалына сәйкес, алма тек жақсылықтың белгісі екен. Оның пайымдауынша, егер түсіңізде алма көрсеңіз, онда өмірлік табысқа кенелесіз деген сөз. Алма ағашында өсіп тұрған алма көру – отбасылық жағдайыңыздың жақсарту, үйде береке мен тыныштықтың орнауының белгісі.

Ванга түсіңізде алманы жұлып алуды, тауратқа сай жорыған. Оның ойынша алма Эдем бағындағы алма ағашы сияқты жақсылықтың не жамандықтың белгісі болуы мүмкін.

Ванга сонымен бірге түсте алма жинау өміріңізде білімді ұштау деген мағынаны білдіреді деген. Мәселен түсінде алма жинап жүргенін көрген адам сыйақы немесе қандай да бір марапат алып, мансабында одан да биікке көтерілуі мүмкін.

Миллердің түс жорамалы бойынша түске қызыл алма кірсе нені білдіреді?

Миллердің пікірінше, түске қызыл алма кіру – ол табыс пен молшылықтың белгісі екен. Алма неғұрлым піскен әрі дәмді болса, түс көруші адам соғұрлым табысты болады деген сөз. Миллердің түс жорамалы мынадай:

  • Түсіңізге піскен әрі нәрлі алмалар кірсе – онда көп ұзамай табысқа жетесіз. Өз еңбегіңіздің жемісін көріп, өмірден ляззат алатын боласыз.
  • Егер алмада құрт жүрсе, онда әр қадамыңызды абайлап басқан жөн. Демек сізді алдағы уақытта түсініспеушіліктер мен сізге қатысты өсек-аяң күтіп тұр, ол өз кезегінде сіздің әлеуметтік мәртебеңіз мен ар-ожданыңызға нұқсан келтіруі мүмкін.
  • Түсіңізде шіріп кеткен алма көру де жақсылықтың белгісі емес. Олар сөзге келіп қалудың, ұрыс-керістің белгісі.
алма
Түсіңізде жеміс-жидек көру нені білдіреді?: pixabay.com

Лоффтың түс жорамалы

Лоффтың түс жорамалы бойынша түсіңізге піскен әрі дәмді алма кірсе, ол жақсылықтың белгісі. Мұндай алма – жаңа танысу, өмірдің жаңа кезеңі мен өзіңіздің көңіл-күйіңіздің жақсы болуының белгісі болуы ықтимал. Егер алма неғұрлым тәтті әрі піскен болса, онда түс көруші адам өз мақсатына жету үшін, барын салады деген сөз. Жалпы оның болжамынша, түсіңізде әдемі алма кірсе, ол - батылдық пен ойлап әрекет етудің белгісі.

Сонымен бірге түске кірген алманың түсіне де мән берген абзал. Мәселен, егер қызыл алма кірсе – алдағы уақытта махаббатта жолыңыз болады деген сөз. Ал сары алма – іскерлік өміріңізде табысқа кенелесіз деген мағынаны білдіреді.

Алманы жинап жүру, көп ұзамай еңбегіңіздің жемісін көріп, лайықты марапатқа қол жеткізесіз деген сөз.

Ислам түм жорамалы

Ислам түс жорамалына сәйкес, алма – түс көрушінің қай салада қызмет ететінінің белгісі екен. Мысалы билеушінің түсіне алма кірсе, ол – билік, жермен жұмыс істейтан адам үшін – ол жер, ал әйел адам үшін – отбасы деген мағынаны білдіреді екен. Түсіңізде алма сатып алу, өзіңіздің кәсібіңізде өркендетіп, оны табысқа жетелеу деген сөз.

Алма ағашынан жемісті жұлу – көп ұзамай ақшалай сыйлық аласыз немесе әлеуметтік мәртебесі жоғары адамның алғысына бөленесіз деген сөз. Сонымен бірге бұл түс жорамалында алманың дәміне де мән берілген:

  • Дәмі тәтті алманы жеу – жақсылықтың белгісі, онда көп ұзамай сіз жақсы табыс табасыз деген сөз.
  • Егер алманың дәмі ашты болса – онда сіз күнәға батуыңыз мүмкін.
  • Егер түсіңізде алманың дәмін мешітте татсаңыз, онда ер адам өзінің өмірлік серігін табады деген сөз.

Егер мешітте алманы ұйықтап жатқан әйел иіскеп көрсе, онда ол ұл баланы дүниеге әкеледі деген сөз. Ал егер түс көріп жатқан адам түсінде алма ағашын отырғызса, онда ол өмірінде жетім баланы асырап алуы мүмкін.

Нострдамустың түс жорамалы

Нострдамустың түс жорамалы бойынша, алма – жаңалықтың белгісі. Ол түс көріп жатқан адамға көп ұзамай атақ-абырой келеді деген мағынаны білдіреді. Егер түс көрген адамның жұмбақ шешу әрі ғылыми қызметке қатысы болмаса, онда ол кәсіби мансабында жетістікке жетеді деген сөз. Ал түсіңізде көп алманы көрсеңіз, онда денсаулығыңыз мықты болып, жас болып көрінесіз деген сөз.

Сол сияқты түсіңізде шіріген алманы көру, бастамаларыңыз сәтсіз аяқталады деген сөз. Сондықтан мұндай түс көрсеңіз, қолға алған жатқан жобаларыңызды кейінге қалдырған абзал.

Сонымен бірге түсіңізде алманы сатып алып жатсаңыз, онда өз мүмкіндігіңізді жіберуге тырыспаңыз. Егер түске кірген алма қызыл болса, онда табысқа жетесіз, ал егер сары алма болса – онда жаңа адамдармен танысасыз.

Түсіңізде алманы тістеп алу – жақсылықтың нышаны. Ол жақын арада өміріңізді өзгертіп, сізді бақытты ететін әйел адаммен кездесесіз деген мағынаны білдіреді. Онымен сіз өміріңіздің соңына дейін бақытты боласыз деген сөз.

Көптеген түс жорамалдың авторлары түсте алманы көру – жақсылықтың белгісі деп жориды. Ол табыс, атақ-абыройдың, жаңа таныстықтықтар мен жеке қарым-қатынастардың белгісі болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1785580-tsiizde-zemis-zidek-kru-neni-bildiredi/