"Заманнан қалып қойған": Таиланд королінің тойындағы видео әлемді шулатты
Жарияланған күні:
Желіде Таиланд королі Маха Вачиралонгкорнның күзет басышысы орынбасары генерал Сутхида Тиджаймен неке қию рәсімінің үзінділері жарияланды. Үйлену тойы көне дәстүрлерге сай өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Той 1 мамыр күні Бангкокта корольдік резиденцияның тақ залында өткен.
Неке қию рәсімінің үзіндісі барлық тайлық телеарналардың корольдік жаңалықтарында көрсетілді. Жақында видео әлеуметтік желіге тарап кетті.
Рәсім дәстүрге сай, корольдік отбасыға жақын адамдардың жанында өтті.
Рәсімнің басым бөлігін болашақ патшайым жерде, күйеу жігіттің аяқ жағында жатып өткізді. Бұл уақытта король бірнеше жоралғыны жасап жатқан еді.
Содан кейін, ерлі-зайыптылар қол қойып, жаңа патшайым күйеуінің жанына жайғасты. Ал басқалары жерде жатып, дәстүрге сай корольге деген құрметтерін көрсетті.
Тайлық салт-дәстүрден хабары жоқ желі қолданушылары бұл іс-әрекеттерді көріп, жағаларын ұстады. Көпшілік мұндай рәсімді әйел адам үшін қорлық деп санады.
"Мүлде әдемі емес. Қазір қай заман? Қорлаудың не қажеті бар. Жәй ғана бас исе болды емес пе?", "Салттары заманнан қалыпты, қараудың өзі жағымсыз", "Не де болса көшеде 21 ғасыр тұр. Мұндайдың барын тіпті ойламаппын", - деп жазды таңырқаған оқырмандар.
Таиландта король құдай іспеттес жан болып есептелгендіктен, барлық ресми іс-шараларда ол өзгелерден биік тұруы тиіс екен.
Естеріңізге сала кетсек, Вачиралонгкорн таққа әкесі өлгеннен кейін, яғни, 2016 жылы отырды.
Ол - 1782 Бірінші Рама таққа отырғаннан кейін құрылған Чакри династиясының оныншы мүшесі. Король үш рет үйленіп үлгерген. Алайда оның алғашқы некелері ажырасумен аяқталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1792296-zamannan-kalyp-kojgan-tailand-korolini-tojyndagy-video-lemdi-sulatty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.