Бірінші ханымдарға салынатын тыйымдар туралы не білеміз?
Жарияланған күні:
Президенттің жары болуды рахат өмірге теңейтіндер үлкен қателікке бой алдырады. Себебі, мемлекет басшысының халыққа сыйлы әйелі атану үлкен әрі ерең еңбекті қажет етеді. Оған қоса, бірінші ханым қалағанын істейітіні туралы қауесеттер толықтай шындыққа жанаспайды. Керісінше, оларға үкімет тарапынан салынатын көптеген тыйымдар бар деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Үнемі ел алдында жүрген соң, президенттің жары өзіне тағылған бірқатар ережелерді ұстануға міндетті. Бірінші ханымдар ел ойлайтындай, білгенін істеп жүруге құқығы жоқ. Олардың бағынатын сансыз тыйымдар мен шектеулер баршылық. Солардың арасындағы ең маңыздыларын сіздердің назарларыңызға ұсынбақпыз.
1. Шұлықсыз ел алдына шығуға болмайды.
Бірінші ханымдар ережесіне сай, олар жолдасымен ресми кездесулерге қатысқанда міндетті түрде шұлық киіп шығу керек. Алайда, бұл салынған тыйымды әлі күнге дейін Дональд Трамптың әйелі ұстанбай келе жатыр. Ол қашан да ел алдына шықса, шұлықсыз шығып жүр.

2. Президенттің әйелі ашық аяқ киім кие алмайды.
Мемлекет басшыларының жұбайлары үлкен жиын болсын, халықпен қауышу болсын жабық аяқ киім киюге міндеттеледі. Бірінші ханымдардың шұлықтары тігінсіз болған жағдайда да ашық аяқ киім киюге рұқсат жоқ. Бұл ережені Молдова президентінің жары Галина Додон бұзып жүр.

3. Қызыл помадаға рұқсат жоқ.
Бірінші ханымдар ресми кез келген кездесуге бет әрлеп шығатыны анық. Алайда, бұл тұрғыда да олардың ұстанатын ережелері бар. Президент әйелі жұрт алдына аса қатты боянып шыға алмайды. Ал көпшілік қыз-келіншектер арман ететін қызыл помада олар үшін мүлде жоқ. Себебі, мемлекет басшысының жарына іс-шараларда қызыл түсті помада жағыға тыйым салынған.

4. Аяқты айқастырып отыруға болмайды.
Президенттің жарына ешқашан да аяғын айқастырып отыруға болмайды. Саяси салада бұл агрессивті әрі сексуалды әрекет болып саналады. Алайда, Мишель Обама бұл ережені мүлде сақтаған емес.

5. Түрлі түсті маникюр жасауға рұқсат жоқ.
Макияж бен қоса, бірінші ханымдарға ашық маникюр жасауға да болмайды. Жалпы айтқанда, оларға ел назарын аса қатты аудартатындай нәрселер жасамаған дұрыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1793438-birinsi-hanymdarga-salynatyn-tyjymdar-turaly-ne-bilemiz/