jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Артық салмағымен сән әлемін бағындырған арулар жайлы не білеміз?

: UGC

Бүгінгі таңда толық сәнқойлар әлемде ерекше танымалдыққа ие болуда. Себебі "көлемді" нәзікжандылар ХХІ ғасырдық сәні. Бүгінде сәқой агенттіктер осындай сәнқойларға басымдық беріп отыр. woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ топ-5 толық сәнқойларды назарыңызға ұсынып отыр.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Эшли Грэм

Эшли Грэм танымал толық сәнқойлардың бірі. Бойжеткеннің мансабы күтпеген жерден туған жері АҚШ-тың Небрасқа штатында басталды. Дүкен аралап жүрген аруды сәнқой агенттіктің өкілі көріп қалып, жұмысқа шақырған. Оның толыққанды фотосессиясы ең танымал Glamour сән журналына шығып, сол 2009 жылы көпшілікті тәнті еткен. Бүгінде бойжеткенді әлемдегі ең танымал сән журналдарының бетінен көруге болады.

Маркита Принг

Ару небәрі 15 жастиа болғанда, оның анасы қызын сұлулық байқауына қатыстыруды жөн көреді. Сол себепті отбасы Нью-Йоркке көшіп, сән сахнасында бағын сынай бастайды. Біраз уақыт өткеннен кейін Маркита ең үздік сәнқой агенттігімен келісімге отырып, Жан-Поль Готье мен Кристиан Сирианомен бірге жұмыс істей бастайды. Бүінгі таңда сұлу әлемдегі ең танымал дизайнерлермен араласады.

Филомена Квао

Филоменаның жақын досы оны сәнқой байқауда бағын сынауға шақырған. Бойжеткеннің айтуынша, ол айналасында қалыптасып кеткен қағидалар үшін терісін ағартып, арықтамақ болған. Алайда артынша өз табиғи қалпын сақтау керек екенін түсініпті. 2012 жылы ару Essence Magazine, Cosmopolitan және Pride басылымдарына арналған фотосессияға қатысып, сәнқой мансабын бастаған.

Кэндис Хаффин

Ару ұзақ жылдар бойы тек киім дүкендері үшін суретке түсіп жүріпті. Тек 2011 жылы оның суреті бірінші рет итальялық Vogue журналының бетіне жарқырап шыққан. Кэндис әлемдегі танымал сәнқой журналдарды бағындырды. Алайда мансабын аяқтап, өзінің спорттық киімдер брендін қалыптастырған.

Клементин Дессо

Клементин туған жері Францияда танымал бола алған жоқ. Сол себепті бойжеткен Америкаға көшіп барып, сорл елді бағындыра бастаған. Бұл шешім арудың өмірін түбегейлі өзгертті. Ол ең танымал, үздік агенттіктермен жұмыс жасап, спроттық киімдер брендін жарнамалай бастады.

Артық салмағымен сән әлемін бағындырған арулар жайлы не білеміз?

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.