jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Бейіт басына барып жүрген жігіт сол жерде болашақ жарын кездестірген

: UGC

Twitter желісінің қолданушысы болашақ жарын бейіт басына барып жүрген кезде кездестіргенін айтты. Оның сөзінше, бұған марқұм әкесінің қабіріне жақын маңға жерленген бейтаныс жігіт себепші болған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: radioverulam.com
Фото: radioverulam.com: UGC

Ер адамның айтуынша, барлығы оның әкесі қайтыс болған кезде басталған.

Ол жақынын қатты жақсы көргендіктен үнемі қабіріне барып, гүл шоқтарын қойып кетіп жүріпті.

Жігіт Англиядағы Суссекс ауылында орналасқан мазарға жиі барып тұрған. Алайда әкесімен көршілес жатқан адамның қабірі ер азаматтың көңілін өзіне аудара берген көрінеді.

Марқұм жерленгелі бері оған ешкім келмепті, сол себепті жатқан жері қаңырап қалған.

Жігіт жағдайды дұрыстау үшін әкесіне келген сайын сол белгісіз адамға да гүл шоғын әкеліп тұрыпты. Оның айтуынша, ол тіпті сол адаммен өзін туыс сезінген.

"Менің әкемнің жанында жерленген адамға жаным ашыды. Ол Рождество кезінде 37 жасында қайтыс болыпты. Оған ешқашан ешкім гүл әкелмеген. Сол себепті мен өзім бұрын-соңды көрмеген марқұмның басына гүл апарып жүрдім. Оны досымды ойлағандай ойлайтынымын", - дейді азамат.

Бірақ бір күні ол қабірдегі есімді ғаламторға жазып көріп, ол жерде шын мәнінде кім жатқанын біледі. Анықталғандай, марқұм қылмыскер болған екен.

Рождество кезінде өзінің әйелін және оның ата-анасын өлтіріп, кейіннен өзіне қол жұмсапты.

Кісі қолынан қаза тапқан адамдардың алдында өзін кінәлі сезінген жігіт ақталу үшін олардың да басына гүл шоқтарын апарыпты.

Ол марқұмдардан кешірім сұрап тұрған кезде оның артынша бір қыз келеді. Бойжеткен қабірде жерлеген әйелдің сіңлісі екенін айтқан.

Екеуі сол жерде сөйлесіп, бірін-бірі ұнатып қалған көрінед. Бейіт басына баруды әдетке айналдырған жігіт ол қызды кездесуге шақырып, екі жылдан кейін үйленген.

Бейіт басына барып жүрген жігіт сол жерде болашақ жарын кездестірген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.