"Бірі сары, бірі қара": Бір-біріне мүлде ұқсамайтын егіз қыздар әлемді аузына қаратты
Жарияланған күні:
Ұлыбританияның Лостер қаласында дүниеге келген Люси мен Мария Эйлмерді көрген адамның таңғалмасына шара жоқ. Бір қарағанда бір-біріне мүлде ұқсамайтын қыздар шын мәнінде егіз. Көпшілік арулардың нағыз туған әпкелі-сіңілі екеніне сенебей жатады. Себебі, Люси ақшыл әрі шашының түсі қызғылт сары болса, Мария керісінше, қара торы әрі бұйра қара шашты қыз деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Егіз қыздардың әкесі Винс ақ нәсілді болса, анасы Донна жартылай ямайкалық болып табылады.
"Біздің егіз екенімізге ешкім сенбейді. Себебі мен ақпын, ал Мария қара торы. Тіпті, бірдей киініп алсақ та, бізді егіз тұрмақ туған әпкелі-сіңліліге ұқсатпайды. Бастапқыда біздің жаңа достарымыз біздің егіз екенімізге сенбей туу туралы куәлікті көрсетуді талап еткен" , - дейді Люси.
Дегенмен ақиқаты сол - бұл бойжеткендер егіз.
Түрлі нәсілді егіздердің өмірге келу оқиғасы 500 адамға шаққанда тек бір адамда ғана кездеседі. Люси мен Мария сырт келбеті бір-бірімен ұқсамағанымен, ішкі жан дүниелері қатты ұқсайтынын айтады.
Люси мен Мария Ұлыбританияның Глостер қаласында 1997 жылы дүниеге келген. Бүгінде бойжеткендер 18 жаста.
Егіздердің анасы өзінің қыздары өмірег келгенде қатты таңғалған. Ол бастапқыда дәрігерлер қателік жіберді деп ойлап қалғанын жасырмады.
Әпкелі-сіңлілер әр түрлі білім ордасында оқиды. Люси өнер мен дизайн мамандығына түссе, Мария құқық пен психологияны меңгеріп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1800833-bir-birine-mlde-ksamajtyn-kyzdar-egiz-bolyp-sykty/