jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Ашуға булыққан ер адам өлеңді қатты қойған көршілеріне оқ жаудырды (фото, видео)

: UGC

Ресейдің Красноярск қаласында туыстардың бас қосу кеші атыспен аяқталды. Көңіл көтеріп, өлеңді қатты қойған олар көрші ер адамның ашуына қатты тиген. Азамат өзіне маза бермей қойғандарға наразылығын білдіріп, оларға оқ жаудырған деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: © VK / ЧП Красноярск
Фото: © VK / ЧП Красноярск: Twitter

Ішімдік ішіп алған ер адам шулы көршілерін осылай жазаламақ болған.

Оқиғаға қатысқан келіншектің айтуынша, ол күйеумен бірге ағасының үйіне қонаққа келген.

"Сағат 00:00 шамасында бізге таныс емес көршінің үйінен ауаға фейерверктер мен оқ жаудырылғанын естідік. Біз көршінің үйінде мереке болар деп мән бермедік. Алайда, кейін ол бізге айқайлай бастады. Ер адам оған біздің шулы өлеңдеріміз кедергі келтіріп жатқанын айтып, бізді атып тастаймын деп қорқытты" , - деді әйел адам.

Бұдан кейін, келіншек күйеуін көндіріп, үйлеріне қайтпақ болған. Бірақ, көлікке міне бергенде олардың алдынан ашуға булыққан ер адам шыға келген. Оның қолында қару болды.

Екі азамат арасында өзара ұрыс орын алып, нәтижесінде көрші ер адам ескертусіз оқ жаудыра бастаған. Оқтың бірі келіншектің күйеуінің қолына келіп тиген.

Анықталғандай, дәрігерлер азаматтың қолындағы оқты таңға дейін шығара алмай әлек болған. Жарақат орны тігілгенімен, келіншек оқ сынықтары әлі де қалып қойды деп есептейді. Себебі, жолдасы саусақтарын қимылдата алмай қалған.

Оқ жаудырған ер адамның үстінен арыз түсіп, оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті. Алайда, келіншек полицейлердің істі "бұзақылық" бойынша қозғағанына шүйлікті. Оның пікірінше, орын алған оқиға адам өліміне жасалған қастандық болып саналады

Оған қоса, тергеу уақытына ашулы азамат қамаудан босатылған.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Ашуға булыққан ер адам өлеңді қатты қойған көршілеріне оқ жаудырды (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.