Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір тәулікте үш шыңды бағындырған үш жасар балақай әлемді таңғалдырды

Опубликовано:

Ұлыбританияның Джексон Кржисик есімді үш жасар тұрғыны небәрі бір тәулікте үш шыңды бағындырды. Ол "Үш шың" челленджінің ең жас қатысушысы атанып, рекорд орнатты. Балақай өз жеңісін көз жұмған досына арнаған деп хабарлайды TengriMIX-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Меtro
Фото: Меtro: UGC

Джексон Кржисик небәрі үш жаста. Кішкентай бүлдіршін жасына қарамастан бір тәулікте Ұлыбританияның үш бірдей шыңын: Уэльстегі Сноудон тауын (1085 метр), Англиядағы Скафелл-Пайкты (978 метр), Шотландиядағы Бен-Невисты (1345 метр) бағындырды.

Небәрі 20 сағатта бүлдіршін 37 шақырым тау жолдарынан өтіп, 3064 метр биіктікке көтерілді. Ол "үш шың" челленджінің ең жас қатысушысы болды.

"Үш шың" челленджінің мәні - бір күн ішінде үш тау шыңын бағындыру. Бұған дейін бұл рекорд маусым айында бір тәулік ішінде сынақтан өте алған алты жасар Лукас Лоуренсонға тиесілі болатын.

Фото: Меtro
Фото: Меtro: UGC

Джексон сынақтан ешкімнің көмегінсіз өтті. Оның әкесі оған жолсерік болды. Кішкентай альпинист жеңісін 2017 жылы екі жасында көз жұмған Ральф есімді досына арнады.

"Ральфтың анасының толғағы ауыр болды. Өкінішке орай, ол ми зақымымен дүниеге келді. Екінші аптада нәрестеден церебральды сал ауруы анықталды. Бала сөйлеп, қозғала алмады. Соған қарамастан, балалар достаса алды. Ұлым Ральф үшін тауға шығамыз деп айтты", - дейді Джексонның әкесі Кэл.
Фото: @Меtro
Фото: @Меtro: UGC

Алғаш рет балақай екі жасында Көлді өлкедегі және Йоркширдегі шыңға шыққан. Әкесінің айтуынша, ұлы тауға шығуды ұзақ серуен ретінде қабылдап, әр сәтінен шаттана білген.

"Ең күрделі шыңдардың бірі Скафелл-Пайк болып шықты. Ұлымның кішкентай аяқтарына шыңға шығу үшін көбірек уақыт қажет болды. Бірақ, ол оны еш қиындықсыз, рахаттана бағындырды. Ұлым табиғатта серуендегенді жақсы көреді. Әрине, мен оның жүрісін қадағалап тұрамын. Себебі таудың қаншалықты қауіпті екені баршаға мәлім", - дейді Кэл.
Фото: @Меtro
Фото: @Меtro: UGC

Марқұм Ральфтың анасы Джексонның бұл әрекеті оны тебіренткенін жасырмады.

"Джексонның Ральф үшін не істегенін естігенде көзіме жас келді. Мұны расымен де ерлік деп білемін. Оған қоса бұл менің ұлымды еске алудың ең үздік тәсілі. Кең жүректі кішкентай балаға тамсанамын", - дейді Джейд.
Фото: @Меtro
Фото: @Меtro: UGC

Бұдан бөлек, балақай Cerebra қайырымдылық қорына ми зақымы бар балаларға 1000 фунт көлеміндегі қажетті қаражатты жинауға көмектескен.

Мұның бәрі оның ата-анасының краудфандинг компаниясын іске қосып, кішкентай альпинист оның амбасадоры болғанының арқасында орын алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1803997-bir-tulikte-s-sydy-bagyndyrgan-s-zasar-balakaj-lemdi-tagaldyrdy/

pixel