Қытайда жеті құрбы қартайғанда бірге тұру үшін зәулім сарай тұрғызды
Жарияланған күні:
Қытайлық Гуанчжоу қаласынан шыққан құрбылар кәрілік шағын бірге өткізу үшін бірігіп, үш қабатты үйді сатып алған. Жөндеу жұмыстарын бітірген әйелдер бұл үйге 60 жасқа келгенде көшіп келмек деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қытайдан шыққан жеті құрбы бірін-бірі 20 жылға жуық уақыт таниды екен. Олар Гуанчжоудан 70 шақырым жерде орналасқан жалпы ауданы 700 шаршы метрды құрайтын салынып бітпеген үш қабатты үйді тауып, оны бірегей үйге айналдыру үшін сатып алды.

Жылжымайтын мүлікті сатып алуға және қайта құруға ханымдардың 4 миллион июані кетті. Бұл Қытайдағы ең қымбат үй емес, бірақ зейнеткерлерге қажеттінің бәрін табуға болады.

Әйел адамдар шығармашылыққа ыңғайлы болатын кең әрі жарық үй салғысы келді. Сол себепті үйдегі бөлмелердің бірі түгелдей дерлік шынымен қапталған.

Үйдің бірінші қабаты құрбылардың жиналып, бірге уақыт өткізуіне қолайлы етіп жасалған. Ол жерде кеңейтілген ас мен қонақ бөлмелері бар.

Екінші және үшінші қабатта құрбылардың жеке бөлмелері бар. Онда төбеден еденге дейін шыны қабырға тұр.
Әйел адамдар өздеріне тиесілі бөлмелердің стилі мен дизайнын өздері таңдады. Үйдегі барлық жиһаз ағаштан жасалған.

Үйдің ауласында дәстүрлі қытайлық күрке тұрғызылған. Ол жерде құрбылар бас қосып, шай ішетін болады.

Әзірге келіншектер баспаналарында тұрмайды. Олар бұл жерге 60 жаста, яғни, зейнетке шыға сала көшіп келмек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1805495-kytajda-zeti-krby-kartajganda-birge-tru-sin-zulim-saraj-trgyzdy/